Ертегілер тыңдаймыз

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

"Описание материала:

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер тыңдаймыз

Сабақтың мақсаттары:А) Оқушыларға ертегілер арқылы олардың өмірге деген дұрыс көзқарасқа,ой-өрісін,сөйлеу тілін, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, жаман әдеттен аулақ болуға Ә) Сөздік қорларын баиыту,тілін дамыту,ойлау қабілеттерін жетілдіруБ) Адамгершілігін,имандылық тәрбиесін беру өз отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ертегілерден суреттер,нақыл сөздер,суреттер.

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың назарларын сабаққа аудару. l

l Жаңа сабақҮнтаспадан ертегіден үзінді тыңдату.- Не тыңдадыңдар?- Ертегі- Оны қайдан білдіңдер?- Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде.....деп басталады.- Ертегі деген не?- ( оқушылардың жауаптары)- Ертегі не туралы?

Ертегі – Халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті.

Ертегі арқылы халқымыздың тарихын,тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын,нанымен ,дүниетанушылық көзқарастарын білеміз.- Ертегінің негізгі кейіпкерлері кімдер?Ертегінің негізгі кейіпкерлері адамға қарсы жаулар- айдаһар,жалмауыз,дәу,мыстан,жезтырнақ, т.б. зұлымдық иелері.

Бұлардың әрқайсысы оңай жау емес.

Әитсе де адам олардың бәрін жеңіп шығады.- Балалар,бүгінгі ертегілер туралы өтетін сабағымызға Қожанасыр мен Алдар көсе қонаққа келіпті.

Олар сендердің ертегіні қалай білетіндеріңді және өнерлеріңді,білімдеріңді тамашалауға келіпті.

Өздерімен бірге «Сырлы сандықтарын» ала келіпті. Оның ішінде сендерге коятын бірнеше сауалдары бар.I топ Алдар көсе тобыII топ Қожанасыр тобы" 

" " Қай топтың балалары ертегіні көп біледі? Білетін ертегілеріңді атаңдар.

Үлестірме қағаздарды алады. Сонда көрсетілген ертегінің тақырыбы бойынша сол ертегідегі кейіпкерлерді атайды.

Арыстан,аю,түлкі,қасқыр осы аңдардың ертегіде қандай кейіпкер ретінде алынатынын , қозғалысын,дыбысын салу.

Көріністер көрсету.1. Түлкі мен қасқыр.2. Бауырсақ ертегісі.

Сергіту сәті.

Өз ойларынан ертегі құрастырып айту.

Қорытынды: Осы сайыста екі топтың білімдері,өнерлері, қайсысы жеңгені туралы айтылады. Сабақ ертегі әнімен аяқталады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.65 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 137

Похожие материалы