Ертеңгіліктің тақырыбы: "Кішкентай ару" (ортаңғы топ)

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қызылорда қаласы

Қараөзек ауылы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің

«Ақерке» шағын орталығы

тәрбиешісі Сайдова Наргиз Мейрамовна

 

 

 

 

 

Күні:  05.03.2015.

Тақырыбы: Кішкентай ару 

       Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! 
Сіздерге «Еркем -ай»тобының бүлдіршіндерініңқатысуымен өтетін 
«Кішкентай ару» байқауын ұсынамыз. 
               Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін  балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық. 
Әділқазы береді, 
Өздеріңе билікті. 
Өнерде кім жеңеді, 
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін: 
 1. «Ақ-Ерке» шағын орталығыныңәдіскері  Г.Сариева
 2. «Ақ -Ерке» шағын орталығының медбикесі  Б.Рашбаева
 3. «Ақ-Ерке» шағын орталығының тәрбиешісі Э.Досжанова
Тәрбиеші : 
Уа, халайық,халайық, 
Бәріміз назар салайық. 
Мерекесі бақшаның, 
Сайысты  біз бастайық. 
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын.Музыка ойналып тұрады) 
 Тәрбиеші : Мың бұралған арулар аңдап басып, 
Келді міне, ортаға толқып-тасып. 
Аруларын сыйлаған халқым менің, 
Көңілді қошаметпен қарсы алайық. 
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу. 
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін: 
Сайыс шарттары: 
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.) 
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу) 
3.Ана туралы тақпақтар

 4 « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қол өнержұмыстары) 
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету) 
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету) 
Тәрбиеші : «Кішкентай ару» сайысына қатысушы аруларға арнап, тобымыздыңәншісі Айзере  әсем әнін арнайды. 
Ән: « Ертегілер » 

«Менің ата-тегім» 
1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру) 
1.Мұратбек Айзере:

Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің, 
Жастайымнан жалындап жана білдім. 
Өнерменен білімге жаны құштар, 
 Жанерке Бақытқызы мен боламын. 
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын, 
Қызымын өсіп- өнген кең даланың. 
Бүгінгі ханшайымдар сайысында, 
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын. 

2.Бекмұратқызы Несібелі:

 Тең түсіп өзгелермен терезесі, 
Дарыған ата-баба өнегесі. 
Несібелі атым Жасұланныңқызымын мен, 
Бекмұраттегі, Мизам немересі. 

3.Алпысбай Нұрия:

 Руым Қаратамыр , мен қазақ, 
Алпысбайдың немересі . 
Тақпақ-өлең айтамын 
Апайлардың берген өнегесі. 

4.Бақытқызы Азиза

Азиза  атым менің, 
Мақтан етер жанұя еркесімін. 
Әкем Бақыт, анам бар Мейрамкүл атты, 
Үлгі тұтар ағам бар Ахметжан 

 Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын. 

Би: «Қара жорға»
2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу) 
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу. 
1. Жұдырықтай қызыл шар
    Тілді үйірген шырын бал   (Алма)
2. Түрі шар сияқты,
    Түсі қан сияқты,
    Дәмі бал сияқты. Ол не?  (Шие)
3  Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,
    Пышақ тисе қып-қызыл болып жарылар  (Қарбыз)
4  Жер  астына түседі,
    Сап-сарғыш боп піседі   ( Сәбіз)
5   Күннен көзін алмайды.
     Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)
6   Көктемде ерте гүлдеймін, кешігуді білмеймін,
     Піспей тұрған кезімде, меннен аулақ жүр!-деймін (Өрік)

3. Ана туралы тақпақтарын айту 
1.Айзере

Мен мұғалім анамның,

Өнегесін аламын.

Ертең менде анамдай.

Оқытушы боламын


2.Несібелі

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 178.5 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 130

Похожие материалы