"Есептер" (1 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Есептер .

Мақсаты: 1. Есеп, оның бөліктері, барлығы мен қалғанын табу ережені пайдалану арқылы есеп шығарту.

2. Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабақта пәнді меңгеру көрсеткішін көтеру.

3. Оқушылардың алған білімдерін күнделіктіөмірде пайдалана білуге, өз ойын еркін жүйелеп айтуға және өзгенің пікірін тыңдай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: БжС технологиясындағы «Алгоритм» картасын қолдану.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

-Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.

-Жылдамдық санағын жүргізу (V=1,2,3,)

-Оқушылардың субьективті тәжірибелерін өзектендіру.

1-цикл Байқау.

ОӘЖӘ сызбасы бойынша 1-түсіндіру. Түсіндіру уақытын У1=х тақтаға жазу.

(есептің барлығы мен қалғанын табу үшін ережені тірек сызба арқылы түсіндіру)

Қабылдауды ұйымдастыру.

Бір шапалақ ұру. «Байқау» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.

ТКШ

Айгүл 2 қалам , Маратта 3 қалам бар. Барлығы неше қалам бар?

АКШ

Мұз айдынында 8 бала ойнап жүрді.Оның 5 - еуі кетіп қалды.Мұз айдынында неше бала қалды?

ЖКШ

Аулада 8 бала хоккей ойнап жүр еді. Тағы 1 бала келді. Барлығы неше бала болды?

-Жұмыстың аяқталу уақыты 5бала +30 сек

-Ұғынуды ұйымдастыру. Түсіну

Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлдерін алмастырады. «Қолда қалам-бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеру, орындау сапасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу:ТКШ=; АКШ=; ЖКШ=,

ТКШ 63% АКШ 63% ЖКШ 63%

-Оқушылардың субьективті тәжірибелерін өзектендіру.

2-цикл Бекіту.

ОӘЖӘ сызбасы бойынша 2-түсіндіру. Түсіндіру уақыты 2 есе кем біріншіден. У2=х тақтаға жазу.

Қабылдауды ұйымдастыру.

Екі рет шапалақ ұру. «Бекіту» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.

ТКШ

Айжан 4 сурет салды.1 суретін досына сыйлады.Айжанда неше сурет қалды?

Ағашта 3 торғай отырған еді, оған тағы 2 торғай қосылды. Барлығы неше торғай болды?

АКШ

Айжанның 4 теңгесі болды. Оған анасы 5 теңге берді. Айжанда барлығы неше теңге болды?

Сәуле 3 қызғалдақ және 5 сарғалдақ жинады. Ол барлығы неше гүл жинады?

ЖКШ

Аслан 8 есеп шығаруы тиіс еді.Ол 4 есеп шығарса,тағы қанша есеп шығаруы керек?

Асханаға 10 қорап тоқаш әкелді.Түскі асқа 6 қорап тоқаш жұмсалды.Асханада қанша қорап тоқаш қалды?

-Жұмыстың аяқталу уақыты 5бала +30 сек

-Ұғынуды ұйымдастыру. Түсіну

Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлдерін алмастырады. «Қолда қалам-бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеру, орындау сапасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу:ТКШ=; АКШ=; ЖКШ=,

ТКШ 63% АКШ 63% ЖКШ 63%

-Оқушылардың субьективті тәжірибелерін өзектендіру.

3-цикл Есте сақтау.

ОӘЖӘ сызбасы бойынша 3-түсіндіру. Түсіндіру уақыты 2 есе кем екіншіден. У3=х тақтаға жазу.

Қабылдауды ұйымдастыру.

Үш рет шапалақ ұру. «Есте сақтау» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.

ТКШ

Көлде 1 үйрек және 3 балапан жүзіп жүр. Көлде барлығы неше құс ұшып жүр?

Айнұрда 4 қызыл және 1 көк шар бар. Айнұрда барлығы қанша шар бар?

АКШ

Раушанда 7 раушангүл, ал Анар оған тағы 2 раушангүл сыйлады. Раушанда неше раушангүл болды?

Марат 4 жолды дәптер және 4 торкөз дәптер сатып алды. Марат қанша дәптер сатып алды?

ЖКШ

Асқарда 8 шар бар еді.Ол 3 - еуін Бануға берді.Асқарда неше шар қалды?

Олжастың 9 кәмпиті бар еді,ол 4 - еуін жеді.Олжаста неше кәмпит қалды?

-Жұмыстың аяқталу уақыты 5бала +30 сек

-Ұғынуды ұйымдастыру. Түсіну

Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлдерін алмастырады. «Қолда қалам-бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеру, орындау сапасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу:ТКШ=; АКШ=; ЖКШ=,

ТКШ 63% АКШ 63% ЖКШ 63%

Түйсіну: ОӘЖӘ сызбасы бойынша материалды меңгеру деңгейін анықтау.

Үй тапсырмасы 10 тапсырмадан кем емес болу керек.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.25 Kb
Количество скачиваний: 161
Просмотров: 282

Похожие материалы