Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №3 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көптілеуова Райсаның
қысқа мерзімді жоспары.
Күні: 2.10.14
Пәні: информатика
Сынып: 6 «Г»
Сабақтың тақырыбы:
Есептеу техникасының даму тарихы.
Сілтемелер:
Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, интернет
Сабақтың жалпы мақсаты:
АКТ-ны пайдалана отырып, оқушылардың есептеуіш техникасының даму тарихымен, есептеудің ыңғайы мен құрылысын, ЕТ дамуына үлесін қосқан ғалымдар туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі:
Есептеуіш машинаның техникасының дамуын және программен қамтамасыз ету жолдарын, сыни тұрғысынан ойлауға берілген тапсырмалар орындату.
Негізгі идеялар:
Берілгени тапсырманы жұппен, топпен орындап, талқылайды, өз ойларын ашық айтады. Топ мүшелерін тыңдай біледі, сыйлай, құрметтей алады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Оқулық, ДК, презентациялар, интернет
Іс-әрекет
Жаңа әдістер: СТО, АКТ
1.Топтық жұмыс.
2.Жеке жұмыс.
3.Жұппен жұмыс
Тапсырмалар:
1.Топтық жұмыс
Кестемен жұмыс.
Виртуалды мұражайға саяхат.
2.Жұптық жұмыс
Бір-біріне сұрақтар қояды.
3.Жеке жұмыс
Сұрақ-жауап.
Тест.
Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі:
1.Сурет арқылы топқа бөлінеді.
2.Шаттық шеңберін құрады.
3.Үй тапсырмасы.
Білу:
-Суреттте көрсетілген заттардың пайда болу кезеңдерін ойланып айтыңдар.
-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
-Есептеуіш техника деген не?
Түсіну: Компьютерлік презентациямен бірге виртуалды мұражайжа бару мен оқушылардың хабарламалары бойынша жаңа сабақты ашу.
Жұмыс дәптеріне берілген тапсырманы орындау. Оқулық бойынша сұрақтарға жауап беру.
1.Есептеуіш техникасының даму кезеңдерін ата.
2.Кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Қолдану: Топтас-бөліс
1.Компьютермен жұмыс. Виртуалды мұражайға саяхат.
Талдау: Кестемен жұмыс.
«Есептеуіш техникасының тарихы» кестесін толтыру.
Мерзімі
Құрылғы
Ойлап табушы
Мәні мен атқаратын қызметі
Жинақтау: Тест тапсырмасы
Кейінгі тапсырмалар
§2.1 оқып келу.
Бағалау
Рефлексия
Топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды – формативтік бағалау, мұғалім қорытындылып бағалайды -жиынтық бағалау.
Кері байланыс жасау үшін стикерлер таратылады. Білім ағашына ілу.
- Бүгін сабақта не білдік?
- Не үйрендік?