Эссе "Біз-Қазақстанның салауатты ұрпағымыз!"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Біз – Қазақстанның  салауатты ұрпағымыз!

         Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ендеше сол өмірде бәрін көріп, бәрінің дәмін тату керек деп зиянды әдеттерге бой ұрып, өзінің тағдыр сыйлаған сыйынан құр қалып, өмірінің быт-шытын шығарған адамдар аз емес. Өмірдің мәні ондағы ерекше сүйінген, сүйген, шаттанған, ширыққан, толғанған, қамыққан, мұңайған сәттеріңмен тізбектелер еді. Өмірдің өзі сол. Өмір –мастықтан, нашадан даңғырған басың, салбыраған денеңді билеген «ғажап» күйің емес. Балалық шақтың мөлдір аспанын қаптайтын тұман осы болуы керек.

         Атамыз қазақ асқақ рухты халық болғанына мақтанамыз. Осындай дара ұлттың даналығын өзіміздің өмірімізбен дәлелдей аламыз ба?  Ғасыр дертінің бізге «келе жатырмыз» деп хабарламай, сыналап еніп, құртып кеткенін ес жиып, біліп жатырмыз. Егерде өзіміздің рухани тазалығымызбен, кіршіксіз салт-санамызбен, ізгі ұстанымдарымызбен өз халқымыздың мәртебесін көтеруге күш салсақ қазақ үшін салауатты қоғам жасай аламыз ба? Әрине, бұл біздің міндетіміз, перзенттік, азаматтық парызымыз. Сын сағаттарда өлімнен қорықпаған қайсар қазақтардың қыл бұраудың талайына шыдағанына тарлан тарих куә. Сол азаматтардың қайсысы да ардың жүгін ауыр болса да көтергенін біліп тұрып, бейбіт заманда өмір сүріп жатқан біздер өзімізді зиянды әдеттердің құлы етіп жекпекпіз бе? Жоқ, замандастар, жастар! Ақтабан болып шұбырып, аштықта қойдай қырылған, отыз жетіде азап табына қуырылып, қырық бірде қыршынынан қиылған аталар аруағы атпай тұрғанда біз өз бойымызды тазартамыз. Осы арпалысып дәуірлерден кейін, ата-бабалар «ұрпағымыз жынды судың, есірткінің құлы болсын» деп жанталаспағанын біз өз миымызбен түсінуге тырыстық. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 37 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 115

Похожие материалы