Эссе на тему"«Әрбір шәкірт- бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» "
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Аймаганбетова Камшат Данабековна
|
«Әрбір шәкірт- бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» ЭССЕ
Аймағанбетова Камшат Данабекқызы
Сарысай негізгі мектебінің мұғалімі
Мектепті – білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім – сол мектептің жүрегі, яғни олардың қолында адам тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымыpда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Сондықтан да ұстаздар бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру – өмір талабы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Өйткені жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Егеменді еліміздің ертеңін ойлап, білімді де саналы Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты жас буынды тәрбиелеудеәр ұстаз өзіндік үлесін қосуы керек.
Бала - адам өмірінің жалғасы болғандықтан, оның дамуы мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес. К.Д. Ушинский баланы барлық жағынан танып білудің қажеттілігін көрсете келіп: «Кім де кім оқытамын десе, ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек» деп үйретті. Оқушының дамуы мен қалыптасуы тұрақты үрдіс емес. Бұл жағдай баланы үздіксіз зерттеуді талап етеді. Зерттеу жұмыстары әр уақытта баланың ойын, еңбек, оқу іс әрекеттері кезінде жүргізіледі. Осыдан келіп әр баланың өзіндік ерекше дарындары анықталады. Ұстаз әр шәкіртінің бойынан бір жарқыраған жұлдызын тауып , сол жұлдыздың жарқырауына өзіндік үлес қосу керек.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.
Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан – жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты түйсіндіретін эстет.
Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа айналады. Мұғалімде оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
« Әрбір шәкірт- бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер! »
ЭССЕ
Дайындаған: Аймағанбетова Камшат Данабекқызы
Сарысай негізгі мектебінің мұғалімі
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.61 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |