Здесь была ссылка на работу Эссе «Тіл туралы толғаныс» автора Маштаев Асхад Темирханович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім- бұл менің жадымда сақтаған ұраным. Ана тілі- анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Тілді қастерлеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Бұл – менің де міндетім. Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттік тілді өз дәрежесінде үйрету – тіл мамандарына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Өзге ұлттардың мәдениетімен таныса жүріп, өзге ұлт өкілдеріне халқымның тілін, салт – дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін үйрету мен үшін үлкен бақыт. Орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айту болса, мен өз сабағымда халық әндерін, Абай атамыздың әндерін әуелетіп айтып, көрнекті жазушылардың шығармаларынан үзінділерді сахналағанды жаныма жақын көремін.