Excel кестелік процессорымен жұмыс. Есептеу кестелерін құрастыру және диаграмма құру. Қорытынды кесте құру. Деректер қорымен жұмыс. 11 сынып
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Хурман Даулетбек Абутеги
|
Зертханалық жұмыс №4
6 сағат
Сабақтың тақырыбы: Excel кестелік процессорымен жұмыс. Есептеу кестелерін құрастыру және диаграмма құру. Қорытынды кесте құру. Деректер қорымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Excel құжаттарын форматтау және баспаға беру. Математикалық функция мәнін есептеу. Текстік және сандық деректерді Excel электрондық кестесіне енгізуді үйрену және формулалық есептеулерді шығару. Автотолтыру әдісін формуланы көшіру үшін қолдану және кейбір корытындылау функцияларымен танысу.
1) Excel электрондық кесте құралдарымен деректерді өңдеу
6-сурет
1. А1 ұяшығына кестенің тақырыбын жаз.
2. Текстік берілгендерді А3:Н3, А9, А11 ұяшықтарына сәйкесінше енгіз.
3. А3:А8 ұяшықтарына сатушылардың аты-жөнін жаз.
4. B4:G8 ұяшықтарына сатылған автокөліктердің санын енгіз.
5. B4:G8 ұяшықтар аралығын белгіле.
6. Құралдар тақтасындағы қосынды (S) таңбасы бейнеленген тетікті бас.
7. Әр адамның жарты жылда қанша автокөлік сатқанын қорытындыны бағанасына енгіз.
8. Жарты жылда сатылған автокөліктердің жалпы санын пайыз (%) арқылы көрсету үшін, В11 ұяшығына =В9/$H$9 формуласын енгіз. Содан кейін құралдар тақтасындағы % таңбасы бейнеленген тетікті бас.
9. В11 ұяшығындағы формуланы С11:Н11 ұяшықтар аралығына көшіру үшін, алдымен тышқан құрылғысының көрсеткішін В11 ұяшығына қойып, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей оңға жылжыту арқылы Н11 ұяшығына қойыңыз.
10. Кестені автоформаттау үшін: А2:Н11 ұяшықтар аралығын белгілеп алыңыз. Формат мәзірін (менюін) ашып, Автоформатирование бөлігін таңдап, көрсетілген тізімнен Простой- ды таңдап аласыз.
10. Диаграмма құру.
Мәндері х осьінің бойына жазуға қолданылатын B3:G8 ұяшықтар аралығын белгілеңіз. CTRL тетігін басып тұрып А4:А8 ұяшықтар аралығын белгілеп, CTRL тетігін босатыңыз. Мастер диаграмма баспасын басыңыз. Экранда Мастер диаграмм сұхбат терезесі пайда болады. Далее баспасын басу арқылы диаграмманың атын жаза аласыз, кейін Готово баспасын бассаңыз диаграммаңыз дайын болады.
2) Excel-де прайс-парақты дайындау және форматтау
1. Пуск ® Программы ® Mіcrosoft Excel программасын жүктеңіз.
2. Қолданылмаған жұмысшы парақ жарлығында шерту арқылы немесе Вставка ® Листкомандасымен жаңа парақ құрыңыз. Оған Прейскурант деген ат беріңіз. Параққа жаңа ат беру үшін парақ жарлығын 2 рет шертіңіз.
3. А1 ұяшығына Прейскурант текстін енгізіңіз.
4. А2 ұяшығына Есептеу курсы текстін, В2 ұяшығына 1у.е.= текстін, С2 ұяшығына ағымды есептеу ($) курсын енгізіңіз.
5. А3 ұяшығына Тауар атттары текстін, В3 ұяшығына Баға(у.е), С3 ұяшығына Баға(теңге) текстін енгізіңіз.
6. А бағанасының келесі торларына прейскурантқа кіретін тауарлар тізімін енгізіңіз(10).
7. В бағанасының сәйкес торларына тауарлар бағасын шартты бірліктерде (у.е) енгізіңіз.
8. С4 ұяшығына =В4*$C$2 формуласын енгізіңіз. Бұл формула шартты бірліктегі бағаны теңге бағасына ауыстырады.
9. А және В бағаналарының толтырылған ұяшықтарына сәйкес автотолтыру әдісімен 8-пункте енгізілген формуланы С бағанасының барлық ұяшықтарына көшіріңіз.
10. С2 торындағы есептеу курсын өзгертіңіз. Өзгерісті байқаңыз.
11. А1:С1 диапазонын белгілеңіз де Формат ® Ячейки командасын беріңіз. Туралау пунктінде Центр бойыншатаңдап, ұяшықтардыбіріктіру жалаушасын тағайындаңыз.
12. Шрифт кірісінде (вкладка) шрифт мөлшерін 14 беріп, начертания тізімінде Жартылай қара нұсқасын таңдаңыз. ОК батырмасын басыңыз.
13. В2 ұяшығына тышқанның оң жақ батырмасын басып Формат ячеек командасын таңдаңыз. Оң жақ шетке туралауды беріп, ОКбасыңыз.
14. С2 ұяшығына тышқанның оң жақ батырмасын басып Формат ячеек командасын таңдаңыз. Сол жақ шетке туралауды беріп, ОКбасыңыз.
15. В2:С2 диапазонын белгілеңіз. Форматтау панеліндегі Границы батырмасының қасындағы ашылатын батырманы шертіңіз де, осы ұяшықтар үшін жалпақ (широкий) сыртқы жақтауды беріңіз (ашылған палитрада төменгі оң жақ бұрышта).
16. А және В, В және С, С және D бағаналар аттарының шекараларында 2 рет шертіңіз. А,В және С бағаналар ені қалай өзгергенін байқаңыз.
17. Алдын ала көру батырмасын шертіп, құжаттың басылымдағы көрінісі қалай болатынын көріп алыңыз.
18. Жұмыс кітабын Book1.xlsдеп сақтаңыз.
3) Excel кестелік процессорында функцияларды қолдану
Есептеулерде әртүрлі функциялар қолданылуы мүмкін, сонымен бірге аргумент ретінде тұрақты, ұяшыққа сілтеме немесе аймақ (область) аты да кездесуі мүмкін. Функцияның аргументтері оның атынан кейін жай (домалақ) жақшаның ішінде жазылуы керек. Формулалық өрнектердегі функцияларды клавиатурадан теруге болады. Егер аргумент ретінде ұяшыққа сілтеме қолданылатын болса, онда "тышқан" құрылғысы арқылы ұяшықты белгілеуге болады. Алайда, функциялармен жұмыс жасағанда құралдар тақтасындағы "Мастер функция - fx" баспасы ыңғайлы немесе Вставка Функция мәзірін (меню), Shіft+F3 пернелерін басуға болады.
EXCEL бағдарламасы апта күндерін, ай аттарын, толық күнтізбе және кез-келген сандар қатарын автоматты жалғастыруға ыңғайланған. Қандайда бір белгіленген ұяшықтан курсорды оңға немесе төмен тартқанда сандық мән келесі ұяшықтарда көбейіп, ал солға немесе жоғары жылжытсақ азаяды.
Егер қатар мәндерінің өзгеру заңы күрделі болса, онда бұл процедура қиындай түседі. Бірінші, ұяшықты таңдап алып, және оған керекті мәнді енгізіп, Правка ® Заполнить ® Прогрессия басқаруын беру керек. Экранда прогрессия параметрлерін беретін және толтыру бағытын көрсететін Прогрессия сұхбаттасу терезесі ашылады.
Расположение тобы толтыру бағытын анықтайды, ал Тип тақтасынан мәндер түрін таңдап аласыз. Егер ұяшықтар күнтізбеден (датадан) тұрса, онда Единицы тақтасы қосымша шарттар енгізуге мүмкіндік береді.
Сұхбат терезесінің төменгі бөлігінде ең жоғарғы мән мен прогрессия қадамы беріледі. ОК пернесін басқаннан кейін қойылған параметрлерге сәйкес деректер кестеге енеді.
Тапсырма:
Вариантқа сәйкес берілген математикалық өрнектерден аргументке қатысты шарттың орындалуына байланысты У функциясының мәнін есептеу керек. Аргументтің мәні берілген аралықта белгілі қадаммен өзгереді.
Толтыру протоколы:
1. А1 ұяшығына -0,5 - ті енгіз.
2. А2 ұяшығына t - ны енгіз.
3. В2 ұяшығына у - ті енгіз.
4. А3 ұяшығына бастапқы мән 0 - ді енгіз.
5. Курсорды А3 -ке қойып, Правка®Заполнить®Прогрессия мәзіріне 0,5 қадаммен 10-ға тең шеттік мәнді беру керек. Бағана бойынша орналастырыңыз.
6. В3 ұяшығына курсорды қойып, Мастер функция-ны шақырыңыз. Сұхбат терезесіндегі ЕСЛИ функциясын таңдап алыңыз.
Функцияның жазылу түрі: ЕСЛИ(логикалық өрнек; ақиқат мән; жалған мән)
Логикалық өрнек терезесіне (и(а3>=3; a3<=5)) шартын енгізіңіз, курсорды ақиқат мән терезесіне қойып, $A$1*A3^2*ln(A3) формуласын енгізіңіз, курсорды жалған мән терезесіне қойып, Мастер функция-ны шақарыңыз. ЕСЛИ функциясын таңдап, логикалық өрнек терезесіне А3>5 шартын енгізіңіз, курсорды ақиқат мән терезесіне ауыстырып 1,5*cos(A3)^2 формуласын теріңіз, содан соң курсорды жалған мән терезесіне қойып КОРЕНЬ(А3) формуласын енгізіңіз де, ENTER пернесін басыңыз.
7. В3 - тегі формуланы В3:В23 - аралығына көшіріңіз.
8. Жұмыс кітабын Book2.xlsдеп сақтаңыз.
5-кесте
№ вар.
Формула
Мәндері
1
2
3
4
5
6
7
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 2.52 Mb |
Количество скачиваний: | 12 |