Физика 7 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарлау
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жакипов Галым Жардемханович
|
I тарау. ФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯ – ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР
№
Сабақтың тақырыбы
Оқып үйретудің негізгі мақсаттары
Оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер
Оқып үйренудің нәтижесі
Үйренумақсатындабағанықосаалғандабағалау
Барлығынқоса алғандабағалау
Негізгі дерек көздер
1
Табиғат және адам. Физика–табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
1. Физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.
2. Физикалық құбылыстар мен физикалық ұғымдарды ажырата білуге үйрету.
3.Топпен бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
1.Ой қозғау (сұрақ жауап)
2.Дейін – кейін.
3.Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс,
сұраққа жауап)
4.Жұптық жұмыс (кесте толтыру)
5.Жеке жұмыс (кеңейтілген тапсырма)
1. Физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алатын болады. 2. Физикалық құбылыстар мен физикалық ұғымдарды ажырата білуді үйренеді
3.Топпен бірігіп жұмыс жасай алатын болады.
1.Мадақтау
2.Топтардың өзара бағалауы (критерий)
3. Бағдаршам арқылы
4.Екі жұлдыз бір ұсыныс (мұғалім)
1.Ашық сұрақтар.
2.Кеңейтілген тапсырма.
1.Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева «Физика және астрономия»,
2.Ғаламтор деректері.
3.Бейне ролик
2
Астрономия – аспан денелері туралы ғылым. Орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар мен халық астрономиясы туралы ақпарат беру.
2. Астрономия мен физиканың өзара байланысы жайлы білуге үйрету.
3. Топта бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
1.Таудың ұшар басына шығу (сұрақ –жауап)
2.Топтық жұмыс (Мәтінге шолу)
3. Жұптық жұмыс «Физикалық сынақ хат»
4.Жеке жұмыс (тест)
1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар мен халық астрономиясы туралы білетін болады.
2. Астрономия мен физиканың өзара байланысы жайлы білуді үйренеді.
3.Топта бірлесіп жұмыс жасайтын және өзгенің пікірімен санасатын болады.
1.Мадақтау
2. Екі жұлдыз бір ұсыныс
3. Бағдаршам (үлгі бойынша)
1.Ашық сұрақтар.
2.Логикалық есептер.
3.Тест сұрақтары
1.Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева «Физика және астрономия»,
2.Ғаламтор деректері.
3
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент
1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың ерекшеліктері, болжам туралы түсінік беру.
2. Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері мен ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
1. Миға шабуыл (сұрақ –жауап)
2. Жұптық жұмыс (танымдық тапсырма)
3. Топтық жұмыс ( сұрақ, жауап жұмыс)
4.Жеке жұмыс (Блум таксономиясы
1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың ерекшеліктері, болжам туралы білетін болады.
2. Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері мен ерекшеліктерін ажырата білуді үйренеді.
3.Топта бір-бірінің пікірін тыңдай білетін болады.
1.Мадақтау
2. Жұптар өзара бағалайды.
3. Топтардың бағалауы (критерий)
4. Екі жұлдыз бір ұсыныс (мұғалім)
1.Ашық сұрақтар.
2.Танымдық тапсырмалар.
3.Блум таксономиясы.
1.Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева «Физика және астрономия»,
2.Ғаламтор деректері.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 74.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |