Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ауада ұшу. (7-сынып)

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қызылорда обылысы, Арал ауданы, ст. Сапақ №69 орта мектебі физика пәнінің мұғалімі: Мейрманова Құттыгүл Әмірханқызы. Тақырыбы: Су көлігі. Ауада ұшу. Пән мұғалімі: Мейрманова Қ

Жалпы мақсаты


•Су көлігі, ауада ұшу бойынша білімдерін жүйелеу •Кемеде жүзу мен ауада ұшу тарихымен танысу. •Тарау бойынша алған білімдерін анықтау және бағалау

Күтілетін нәтиже

•Кеменің су ығыстырымын, ватерсызықты, кеменің батуын, су бетіне көтерілуін, ауа шарының көтеру биіктігін біледі. •Кеме, әуе шарларын тиімді пайдалану жолдарын біледі. •Топтық, жеке тапсырмаларды орындау барысында өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді .

Негізгі идеялар

Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпусында қызыл сызық- ватерсызықпен белгіленеді. Кеме ватерсызыққа дейін суға батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады.

Ауа шарының құрылысы: 1-қабық немесе баллон 2-аспалы жүйе 3-адам отыратын орын.

Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең архимед күші әрекет етеді. Бұл күш тік жоғары бағытталған. Шарға әрекет ететін ауырлық күші шарды төмен қарай тартады. Осы күштердің айырымынан көтеруші күш пайда болады:

Ресурстар

Компьютер, таратпа материалдар, қаламсап, қағаз, ақшалар, домбыра, сотка


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 187.37 Kb
Количество скачиваний: 54
Просмотров: 179

Похожие материалы