"Физика сабағында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту" презентация

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

                        

                       PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы туралы

 

                   Қазіргі ақпарат заманында, күн сайын жаңалықтарға мұғалім қанық болып, сол ақпараттарды оқушының санасына беріп отыру қажеттілігі туындап отыр.   Өзімнің педагогикалық жолымда жаңаны үйреніп, жаңа технологиялармен сабақтарды өткізуге,  өзіме тәжірибе мен жаңалықтарды алу үшін 4-15 тамыз аралығында «PISA халықаралық зерттеулері аясында  оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы  курс тыңдаушысы болдым.

  Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болған PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

     PISA - (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.

     PISA зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

      PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсету бейімділігі зерттелінеді.   Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі  міндетті білім тәмамдалады.  PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

 PISA  зерттеуінің негізгі бағалау облыстары

  • Математика сауаттылығы
  • Жаратылыстану сауаттылығы
  • Оқу сауаттылығы

PISA мақсаты: әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.

PISA әдістемесі бойынша тестілеу мектеп оқушыларының үйреншікті емтихандары мен тесттерінен түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу барысында мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейі емес, жас өспірімдердің алған білімдерін тіршілік жағдайларында қолдану қабілеті бағаланады. Тестілеудің негізгі мақсаты - «Жалпыға міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет ету үшін қажетті білім мен машықтарды меңгерді ме?» деген сұраққа жауап беру .

Зерттеуде жазбаша және компьютерлік бақылау нысаны (тесттер) пайдаланылады. Тестке жабық және ашық тапсырмалар енгізілген. Кейбір тапсырмалар сол бір тіршілік жағдайларына жататын түрлі күрделілік деңгейінің бірнеше сұрақтарынан тұрады.  

 PISA нәтижелері – кез келген елдің білім сапасының басты индикаторы.   

 

 

РISA есептерінің  шарты: 

v  өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;

v  не есептің шарты, не сұрақтың  мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;

v  есептің шарты  тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық;

v  әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін  қандай да бір ситуация болып табылады.

     Жаратылыстанудан барлық үш мазмұнды блок бойынша Қазақстан нәтижелері алдыңғы қатарда келе жатқан елдермен салыстырғанда біршама төмен болып отыр. Барлық мәселе PISA-ның оқушылардың білімдерін емес, осы білімдерін қандай да бір мәселені шешуге қолдану машығын анықтайтындығы болып табылады. Ал отандық білім беру оқушыларға білімді дайын күйінде беретіндей құрылған. Әлемдік практика, осындай әдіс – өте тиімсіз екенін бұрыннан дәлелдеген.  Батыс елдерде мектеп оқушылары эмпириялық жолмен, зерттеумен қажетті білім алады. Міне олардың ұдайы жеке және топтық жобалармен айналысатыны сондықтан.

PISA – бұл мектеп оқушыларының жаратылыс-математикалық сауаттылығын, қаржылық сауаттылығын және білімдерін практикада қолдана білуін бағалауға арналған халықаралық тест. 3 жылда бір рет жүз мыңдаған 15 жасар мектеп оқушылары бүкіл әлемде АҚШ-тан, Еуроодақтан, Жапониядан, Австралиядан және әлемнің басқа елдерінен келген халықаралық ұжым дайындаған тесттік тапсырмаларды өз тілінде орындайды.  

PISA зерттеуінде бір мезгілде өлшемдерде бірнеше жаңа заманғы инновациялық идеялар жүзеге асырылды: функционалдық сауаттылықты бағалау, қарым-қатынастарын, қызығушылығын, уәжін және оқу стратегиясын зерделеу. 

Жаратылыстануға арналған тапсырмаларды орындау барысында окушылардан жаратылыстанудың тексерілетін бөлімдері бойынша нсгізгі түсініктерді, заңдар мен ұстанымдарды білуін корсете алуы ғана емес, оларды мәселелерді шешуде пайдалана алу қабілеттері, табиғат құбылыстарына түсінік беруі, қарапайым зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін ұсынулары талап етіледі.

Ілгері  деңгейге қойылатын талап:тәжірибе және зерттеу жүргізу туралы бастапқы ұғымдардың болуы, жай ағзалардағы тіршілік үрдістер мен сипаттамаларын, сондай-ақ адам денсаулығына қатысты факторларды түсінуі, белгілі материалдардың әртүрлі физикалық қасиеттері мен электрлік құбылыстар туралы білімдерінің болуы арасындағы байланысын, Жер мен Күн жүйесіндегі физикалық сипаттамалар мен үрдістерді түсінуі, зерттеу нәтижелерін түсіндіре алу және қорытынды жасай алу, бағалау пікіріне, олардың аргументацияларына және бастапқы түсініктеріне қабілеттерінің болуы тиіс.

Жоғары  деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре білуі, өсімдіктер, жануарлар, тіршілік үрдістер құрылымы туралы кейбір түсініктері, заттардың қасиеттері мен физикалық құбылыстар туралы білімдері, Күн жүйесі мен Жер құрылысы, үрдістер мен құбылыстар туралы білімдері, зерттеуді жүргізуге байланысты бастапқы түсініктерінің болуы, кейбір жаратылыстану түсініктерін күнделікті өмірден алынған физикалық және биологиялық үрдістер туралы ақпараттармен байланысын түсіндіру қабілетінің болуы, қысқаша жауап құрастыруы тиіс.

Орта деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, жаратылыстануға байланысты тәжірибелік жағдайларды және негізгі ұғымдарды түсінуі, тірі ағзаларды сипаттауға және олардың қоршаған ортамен байланысын анықтауы, адам биологиясы мен оның денсаулығы туралы кейбір түсініктері, жалпыға танымал физикалық құбылыстар туралы кейбір түсініктері, күн жүйесі мен Жер туралы негізгі дәлелдерді білуі, суреттерді түсіндіру және тәжірибелік жағдайларда білімін қолдану қабілетінің болуы тиіс.

Төмен деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар қарапайым білімді болады, адам денсаулығына және жануарлардың мінез-құлық және физикалық сипаттарына байланысты кейбір қарапайым фактілерді білу, заттардың кейбір қасиеттерін көрсете білу қабілеттерінің болуы, белгілері бар суреттерді, қарапайым диаграммаларды түсіндіру, қарапайым кестелерді толтыру қабілетінің болуы, нақты дәлелдерді қажет ететін сұрақтарға қысқаша жауаптар құрастыруы тиіс.

   

Енді осы айтылған PISA  халықаралық салыстырмалы зерттеулері мен жаңаша оқыту технологияларының арасындағы байланысты іздеп қарасақ, олардың тапсырмалары мен мақсаттары бір бағытта үйлескен деп айтсақ болады және оларды атап өтсек:

Ø  Толық құзырлы тұлға қалыптастыру;

Ø  Берілген тапсыралардың бір мәтіннің немесе бір пәннің деңгейінде қалып қоймауы;

Ø  Есептер мен сұрақтардың оқушы құзырлылығының дамуына мүмкіндік беруі;

Ø  Есептер мен тапсырмалардың тізбектелген әрекеттер тізімі арқылы анықталуы;

Ø  Тапсырма шешімінің оқушының өзіндік тәжірибелеріне негізделуі;

Ø  Оқушылардағы графикалық, белгілік, мәтіндік  форматтарда, күрделі болжамды түрде берілген  ақпарат үзінділерімен жұмыс жасау дағдыларының қалыптастыру.

Қазіргі таңда ақпаратандырылған заманда сабақта интерактивті  тақтаны тиімді пайдалана отырып оқушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты  түсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері  қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.

    Жаңа технологияның  тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу  ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол,

Оқушы:         

·         мақсат қоюға үйренеді;

·         есте сақтау қабілеттері дамиды;

·         басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;

·         кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;

·         қатарынан қалмауға тырысады;

·         дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;

·         әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

·         күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.

·         білім дәрежесі бірдей  сыныптарда  оқу жеңілдейді

·         өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

Мұғалім:

Ø  жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

Ø   оқушыны жан-жақты танып біледі;

Ø  қарым қатынас орнатады;

Ø   оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;

Ø  оларға шығармашылық еркіндік  беріледі.

          Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге,  дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.              

         Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.

Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) – оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол -  есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.Оқушыларды физикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.

       Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты сабақта құрал жабдықтардың , есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.

Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.

Оқу-зерттеу әрекеті  – шығармашылық топтың немесе жеке оқушылардың алдын-ала нәтижесі белгісіз ізденушілік әрекеті.

 Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

      Жалпы, оқытудағы мақсат оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.

Осы әрекеттерді ұйымдастыру нәтижесінде:

Ø  Оқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде биология, физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді;

Ø  Оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру негізінде  оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі көтеріледі;

Ø  Қиындығы жоғары есептерді шығару қабілеттері дамиды;

Ø  Оқушының дүниетанымы кеңейеді,  зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады.

     Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау  қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. 

      Сонымен қорытындылай келе, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі тапсырмалары арқлы толық құзырлы тұлға қалыптасуына ықпал жасалынады.                                                                       

 

                                                                                        Маулешева Гулия Айтжанқызы

                                                                               Новенький ОЖББМ физика пәні мұғалімі

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.86 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 198

Похожие материалы