"Тербелмелі қозғалыс" физика 9 сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

Пән аты: Физика 9.12.2014ж

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:Оқушы білімін,іскерлігін,дағды деңгейін бақылау, бағалау. Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру,қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

3.Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың жаңа теориялық материалдарды оқу барысында белгілі бір нәтиже көрсетуі.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ жауап, кітаппен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика,биология, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

Тренинг. «Оқушылар серті»

«Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз»

«Тақырып айналасында ғана сөйлейміз»

«Өз ойымызды ортаға саламыз»

«Өз пікірімізді қысылмай айтамыз»

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

а) Топшамалар арқылы ережелерді сұрау

1) Денелердің қозғалыс энергиясы кинетикалық энергия деп аталады.

2) Дененің импульсі деп дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең шаманы айтады. Оның векторы қозғалыс жылдамдығымен бағыттас.

3) Күш импульсі деп күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады. Оның векторы кушпен бағыттас.

4) Энергияның сақталу заңы: Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, не жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

5) Денелердің өзара әрекеттесу энергиясы потенциалдық энергия деп аталады.

6) Дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Ә) Сәйкестендіру

Кинетикалық энергия

Дененің импульсі

Толық энергия

Потенциалдық энергия

Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 106.75 Kb
Количество скачиваний: 61
Просмотров: 251

Похожие материалы