Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Мусаева Улбала Абибуллаевна
|
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің қазақ тілі пән мұғалімі Мусаева Улбала Абибуллаевна
Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жан - жақты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдпен сабақ кезеңдері
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті
Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
- Бүгін, оқушылар, күнделікті сабақтан гөрі ерекше сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
Өткен тақырыптарымыз бойынша берілген тапсырмалардың жауабын дәл тапсаңыздар, мына сөзжұмбақты шешеміз және бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбымен таныс боламыз.
1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
3. Айтылуы әр түрлі мағынасы бірдей сөздер (синоним)
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
5. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
6. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
7. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
8. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
Ендеше, жаңа сабағымыздың тақырыбы – фонетика екен.
Фонетика термин сөз. Термин сөз дегеніміз не?
ІІ Мағынаны тану.
Фонетика – грек сөзі «дыбыс» деген мағынаны береді. Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Адамның тілі – дыбыстық тіл. Дыбыс болмаса тіл өмір сүре алмас еді. Сөз дыбыстардың тіркесінен құралады. Бір дыбыс бірнеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 12.46 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |