Функция туралы ұғым.Функцияның формуламен берілуі
Предмет:
|
Математика
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Нургалиева Гулжахан Емутбаевна
|
Здесь была ссылка на работу Функция туралы ұғым.Функцияның формуламен берілуі автора Нургалиева Гулжахан Емутбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Функция туралы ұғым.Функцияның формуламен берілуі. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Функцияның жазылуын,оқылуын,функцияның анықталу аймағын,мәндерінің аймағын табуды үйрету. 2.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,туған жерді сүюге,оны қорғай білуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Ойлау қабілет дамыту,математикаға деген Қызығушылығын арттыру,оқу дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Әдісі: Сұрақ-жауап,өз бетінше жұмыс Көрнекілігі: Кестелер,сканворд,тест тапсырмалары,үлестірме қағаздар. Пәнаралық байланыс: әдебиет,физика пәндерімен байланыстыру. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасып,түгендеу.Сабақ 5-кезең бойынша өтеді,сыныпты екі топқа бөлініп отырғызу. 1-кезең.«Сөз тізбегі».Бұл кезеңде математика сабағында оқушыларды тез ойлауға жаттыұтыратын жұмыстың бір түрі ауызша есептеу жүргізу. 1)( -2,8-3,2):1,2·1,6+8,5= 2) (-36+45)·(-0,1)-7,1-9·(-20)= 3) (-14·7)+65·0,2+10-(-10)= II.Үй тапсырмасын тексеру. 2-кезең.«Бәйге» Математика абстрактілі білім.Абстрактілі ойлауды дамытудың бір жолы-көрнекілік.Сол себепті үй жұмысын сканворд арқылы өткізіп отырмын.Әр математикалық терминднрді функция тақырыбына байланысты тапқаннан кейін сұрақтар қойылады. Осыны шешкеннен кейін сұрақтар қойылады. Сұрақтар: 1. Функция дегеніміз не? 2. Аргумент деп қандай айнымалыны айтады? 3. Функцияның мәндерін қалай белгілейді? 4. Функцияның мәндерінің аймағы деген не? 5. Функцияның анықталу аймағы дегеніміз не? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін үй жұмысын қорытындылау үшін екі топқа есеп беремін. 1-есеп.Оқушы 5 тг-ден х дәптер сатып алса,ол қанша ақша төлеу керек?Оқушының төлейтін ақшасын қандай формуламен өрнектейміз?Екі топқада бірдей.y=5x 2-есеп.Шаршының ауданы,оның қабырғаларының ұзындығына тәуелді екенін біле отырып,мына кестенің бос орындарын толтыр.а-тәуелсіз,S-тәуелді. А 2 3 4 5 S 4 9 16 25 3-есеп.Сағатына 6 км жылдамдықпен жүрген жаяу адамның жолы қозғалыс уақытына тәуелді.S әрпімен белгілей отырып,мына кестені толтыр. S=6t T 1,5 2 2,5 S 9 12 15 III.3-кезең. «Біз кімбіз» Бұл кезеңде әдебиет пәнімен байланыстыра отырып өткізу,топқа тақырыптық 2 кестемен тапсырма беріледі.Тапсырмалары әр түрлі.Кестені берілген функцияның формулалары бойынша есептеп шығарғанда бірінші топта қазақ халқының елін,жерін сүйіп,оны қорғай білген батыр, ақынның есімі,екінші топта ақынның тегі шығады. 1- топ. X -6 -4 -3 2 4 5 6 12 Y -2 -3 -4 6 3 2,4 2 1 М А Х А М Б Е Т -4 -3 -2 1 2 2,4 3 6 Х А М Т Е Б М А 2-топ. X -5 -4 -3 -2 1 2 3 4 6 Y -2,4 -3 -4 -6 12 6 4 3 2 Ө Т Е М І С Ұ Л Ы -6 -4 -3 -2,4 2 3 4 6 12 М Е Т Ө Ы Л Ұ С І 2-тапсырма.Екі топқа төрт есептен беріледі.Бірінші топқа берілген есептерді шығарғанда М.Өтемісұлының туған жылын табады. 1) y=f(x), мұндағы f(-2)- ні тап 2) y=f(x), мұндағы f(5)-ні тап 3) y=f(x), мұндағы f(3,5)-ні тап 4) y=f(x), мұндағы f(-2)-ні тап. 2-топ берілген есептерді шығарғанда М.Өтемісұлының қайтқан жылын табады. 4-кезең.«Кім жүйрік».Бұл кезеңде тест беріледі.Тест тапсырмаларына жауап беру.Тест тапсырмалары оқушылардың білімдерін тексеруге арналған.Бұл тапсырмалар практикалық біліктерін дағдыларын қалыптастырады. Тест тапсырмалары. 1.”Функция” сөзі латынның functio сөзінен шыққан,қазақша не дегенді білдіреді? А) орындау,атқару В) болдыру С) жою Д) анықтау 2.Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: А) P=4a В) y=f(x) C) Д) y=1,5x 3.Бөлшекті қысқартыңдар: A) a-15 В) a-10 C) a-5 Д) 3(a-5) 4.Аргументтің қандай мәнінде y=3x+1 функциясының мәні 25-ке тең? A) x=24 В) x=3 C) x=25 Д) x=8 V.5-кезең.Оқулықпен жұмыс.№1261,№1262,№1268.Бұл кезеңде тест тапсырмаларына тез жауап берген оқушылар үшін дайындалған тапсырмалар.Оқулықтағы есептерді шығрату.Бұл кезеңдегі тапсырма оқушылардың өз бетінше ойлау,білу дағдыларын қалыптастыру. VI.Сабақты бекіту. Нені үйрендік? Нені түсіндік? Нені ұқтық? деген бойынша өз ойларын айтып шығады. VII.Бағалау.Оқушылардың жауап беріне және тапсырманы орындауына байланысты бағалау.Сабақта берілген тапсырмаларды дұрыс,нақты жауап беріп,жоғары баға алған топ жарыс сабағының, яғни «Озық ойлы» топ атанады. VIII.Үйге тапсырма беру. №1270,№1271 IX.Қорытындылау.Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
162 B
|
Количество скачиваний:
|
66
|
Просмотров: 293
Похожие материалы