География пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары 3-тоқсан

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сыныбы____6_____                            Күні___13.01.14___

 

Тақырыбы:   Мұхит суын қорғау, зерттеу.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мұхит суының қасиеті, мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы, мұхит пен теңізді зерттеу және қорғау  жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап.             4. Б.Ү.Ү. кестесі.              

                              2. Әңгіме-дәріс.              5. Кестемен жұмыс.

                              3. Топтастыру.             6. Тірек-сызбамен жұмыс.       

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:


І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

 


 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

          Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


1. Сұрақ-жауап.

1. Толқын.

2. Цунами.

3. Тайфун.

4. Толысу.

5. Қайту.    

Қорытындылау.

 


 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Мұхитты зерттеу және оны қорғау - адам баласының маңызды міндеті. Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор. Олар ғылыми-зерттеу лабораторияларымен жабдықталған (мысалы, Жак Ив Кусто кемесі). Арнаулы аппараттар, батискафтар үлкен тереңдіктерде зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұхит зерттеушілердің қарамағында тереңдікті анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлер және басқа да күрделі кұралдар бар (мәселен, «Альвин» сүңгуір кемесі ғалымдарды 2500 м тереңдікке дейін апарады).

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 222.06 Kb
Количество скачиваний: 53
Просмотров: 246

Похожие материалы