География сабақтарында практикалық жұмыстарды ұйымдастыру жолдары.

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Географияны оқытуда өздік және сарамандық жұмыстардың маңызы ерекше.

Бұл әдістемелік баяндамада географиядан жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне мысалдар келтірілген және бірнеше жұмыс түрлері көрсетілген. Жас мамандарға көмек болар деген оймен жариялауды жөн көрдім.

Мектептегі география пәні оқушыларға физикалық географияның алғашқы курсында географиялық түсініктер мен ұғымдарды бере отырып адамның табиғатпен қатынасы, халықтар, ғаламдық проблемалар, дүние жүзілік экономика туралы білімдермен ұштастырылады. Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Оқу материалының практикалық жұмыстары бағалау,болжау,түсіндіру,сипаттау, картадан көрсетіп атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болып келеді. Практикалық жұмысты орындау барысында оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуді және картаны еркін оқуды меңгереді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.68 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 137

Похожие материалы