Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Предмет: Физкультура
Категория материала: Конспекты
Автор:

Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру.

Сынып: 7 Өтетін уақыты: 45 мин.
Сабақтың тақырыбы:
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға түру үйрету.
Дамытушылық: Гимнастика жайында білімдерін кеңейту. Оқушылардың акробатикалық сапаларын және икемділік, ептілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындауға дағдыландыру және тәрбиелеу.
Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс
Сабақты өткізу әдісі: Жаппай, топтық кезекті, жеке
Сабаққа керекті құрал - жабдықтар: Гимнастикалық төсеніштер, ысқырық, секундомер
Өтілетін орны: Мектеп спорт залы
Сабақ жоспары
№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
I. Дайындық бөлімі – 13 мин
1. Сапқа тұру, кезекші мәліметін тыңдау, сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мазмұнын қысқаша түсіндіру. 3 мин Оқушылардың сапта тыныштық сақтап тұруын қадағалау.
2. Саптағы бұрылу жаттығулары: 30 сек
А) оңға бұрыл
Ә) солға бұрыл
Б) кері бұрыл
Жаттығуды бірдей дұрыс орындау.
3. Жүру жаттығулары: 2 мин
Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге ұстап, өкшемен жүру.
Қолды алға созып, жартылай отырып жүру.
Қолды тізеге қойып толық отырып жүру.
Осы қалыпта секіріп жүру.
Спорттық жүріс.

Денені түзу ұстау.
Тізені бүкпеу. Басты жоғары ұстау.
Денені түзу ұстау.
Арақашықтықты сақтау.
Толық отыру.

4. Жүгіру жаттығулары: 3,5 мин
Жай жүгіріс.
Тізені көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа лақтырып жүгіру.
Қолды жанға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру.
Қолды алға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру.
Қолды белге қойып, оң қапталмен жүгіру.
Сол қапталмен жүгіру.
Қолды белге қойып, аяқты алға созып жүгіру.
Қол желкеде, аяқты артқа түзу ұстап жүгіру.
Артқа қарап жүгіру.
Шапшаңдықпен жүгіру.
Спорттық жүріс.
Жай жүріс.

Жүгіріп кету. Арақашықтықты сақтау. Толық көтеру. Қолды артқа ұстау.
Қолды түзу ұстау.
Қолды түзу ұстау. Жоғары секіріп орындау. Толық орындау. Аяқты бүкпеу. Алға сәл еңкейе жүгіру.
Оң қолды алға созып, сол иықпен
Бұрыштама
Тыныс алу жаттығулары.
5. Бір орында жасалатын жаттығулар 4 мин
А) Аяқ иық көлемінде қол белде.
Басымызды оң жаққа 1 - 2 рет, сол жаққа 3 - 4 айналдырып.
Ә) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта, 1 - 2 иықты алға айналдырамыз. 3 - 4 иықты артқа айналдырамыз.
Б) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде, қолды ауыстырып алға артқа сермейміз
В) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 1 - 2, солға 3 - 4 айналдырып, қайталаймыз.
Г) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде, қолды ауыстырып кезек - кезек екі жаққа иілеміз.
Д) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол тізеде, іщке1 - 2, сыртқа 3 - 4 айналдырып.
Е) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қолды алға созып отырып тұрамыз.
Жаттығуды аяқтау.

Жаттығудың бірдей жасалуына мән беру
Денені тік ұстаймыз, көзді жұмбаймыз
Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиюін және толық айналуын қадағалаймыз
Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз

Қол белде, дұрыс еңкеюін қадағалаймыз
Толық еңкейеміз
Толық айналдырамыз

Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз

II. Негізгі бөлім – 27 мин
I. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру.
Алға домалау жаттығулары.
1. Жүреден отыру.
2. Алға қолды тіреп еңкею.
3. Алға домалау.
4. Тізені ұстап жүреден отыру.
5. Тұру.

Артқа домалау жаттығулары.
1. Теріс қарап жүреден отыру.
2. Тізені ұстап артқа құлау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.54 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 108

Похожие материалы