Графикалық режимге көшкеннен кейінгі қолданылатын функциялар мен процедураларды бағдарлама жазуда қолдану

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Графикалық режимге  көшкеннен  кейінгі  қолданылатын  функциялар мен процедураларды бағдарлама жазуда қолдану   INITGRAPH-графикалық  жүйені  тағайындап, графикалық  режимге  көшіреді. Графикалық  режимді  автоматты  түрде  тағайындау  үшін  GRAPHDRIVER  айнымалысы  DETECT  мәнін  қабылдау  керек. Сонда  GRAPHMODE  және PATHTODRIVER  анықталмай, автоматты  түрде  тағайындалады. USES GRAPH- графиканы  қосу DRIVERS- драйверді  шақыру DRIV:=DETECT- графикалық INITGRAPH( DRIV, Mode’’,)- режимді тағайындау SETBKCOLOR-  берілген COLOR параметрі бойынша фонның түсін тағайындайды: SETBKCOLOR (COLOR: сөз) SETCOLOR- берілген COLOR параметрі бойынша шығарылған суреттің түсін тағйындайды:                                           SETCOLOR (COLOR:) MOVETO – (X,Y) жаңа координаталық мәнің тағйындайды:                                       MOVETO (X,Y: INTEGER) CLEAR DEVICE – шығару құрылысында тағайындалған ағымдағы параметрді өшіріп, құрылғыны тазалайды. Бұл процедура ағымдағы нұсқауышті координатасы 0,0 нүктеге орналастырады. CLEAR VIEW PORT – ағымдағы экран терезесін тазалайды. Ол үшін PALETTE (0) процедурасы бойынша сақталынған түс пайдаланылады. BAR процедурасы шақырылып, ағымдағы нұсқауыш координатасы 0,0 нүктеге орналастырылады. DETECGRAPH процедурасы – қандай графикалық  режим мен драйверді пайдалану қажет екенің анықтайды. GETCOLOR функциясы суреттің ағымдағы түсін; GETGRAPHMODE  функциясы ағымдағы фонның түсін; GETBKCOLOR функциясы ағымдағы графикалық режимді; GETGRAPHPALETTE процедурасы ағымдағы палитраны өлшемімен береді; SETFILLPATTERN процедурасы бойынша пайдаланушы тағайындаған бояудың үлгілерін таңдайды. SETGRAPHBUFSIZE – бояуға пайдаланатын буфердің өлшемін өзгертуге мүмкіндік берді. SETGRAPHMODE – жүйені графикалық режимге қосып, экранды тазалайды. SETVIEWPORT функциясы сурет шығару үшін экран терезесін тағайындайды. Мысалы, 200*200 экран терезесін былай тағайындауға болады: SETVIEWPORT (0,0,199,199, CLIPON) SETFILSTILE – бояудың түрін тағайындайды. Мұндағы PATTERN бояудың стандартты бір түрі. (Ол 0-ден 12-ге дейінгі бояудың түрін қабылдайды). SETFILSTYLE(PATTERN: сөз; COLOR: сөз) CLOSEGRAPH – графикалық режимін шығару. Буферді барлық графикалық режимдерден босатады. FLOODFILL – тұйық облыстың ішін бояу . FLOODFILL(X,Y:INTEGER;BORDER: сөз)   Координатасы (Х,Ү) нүктесі ішінде жататын тұйық облысты бояйды. Бояу ағымдағы түспен алынады. Егер (Х,Ү) нүктесі тұйық облыстың сыртында жататын болса, онда тұйық облыстың сырты боялады. Боялатын облыстың ішінде BORDER-ден бөлек түсті нүкте де сол түспен боялады. PUTPIXEL – процедурасы координатасы (Х,Ү) нүктесін PIXEL түспен боялады. PUTPIXEL(X,Y: integer; pixel: сөз) GetPiXEL(X,Y:INTEGER) – координатасы (Х,Ү) болатын нүктенің түсін береді. LINE процедурасы координатасы (Х1,Ү1) болатын нүктеден координатасы (Х2,Ү2) болатын нүктеге дейін түзу сызық сызады. LINE(X1,Y1,X2,Y2:integer) Түзу сызықты Lineto, linerel процедураларын да пайдаланып сызуға болады. Ол үшін moveto сөзі арқылы сызық басталып нүкте көрсетіледі. Сызықтың түрі және қалыңдығы Setlinestyle, ал түсі Setcolor процедурасы бойынша беріледі. RECTANGLE процедурасы ағымдағы түспен координаталары бойынша тік төртбұрыш сызады RECTANGLE(X1,Y1,X2,Y2: INTEGER) (X1,Y1) нүктесі тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышының нүктесінің кординатасы, ал (Х2,Ү2) нүктесі оң жақ төменгі бұрышының координтасын береді. Тік төртбұрыш Setfillstyle процедурасы бойынша тағайындалған түспен және сызықтың түрімен сызылады. Bar процедурасы ағымдағы түспен боялған төртбұрыш сызады. Bar  (X1,Y1,X2,Y2: integer) (X1,Y1) және (X2,Y2) нүктелері боялған тік төртбұрыштың сол жақ жоғары және оң жақ төменгі нүктелерінің координаталары. Setfillstyle және setfillpattern процедураларының көмегімен бояудың түсі және үлгісі тағайындалады.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.89 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 144

Похожие материалы