Гуманитарлық пәндерді ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту – елдік пен ерлікті қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру көзі
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Бакатаева Назым Даутбаевна
|
Құндылықтарды оқып үйрену барысында оқушы бойында сол меңгерген білімін күнделікті өмір жағдайында қолдана алуын, кездескен әлеуметтік проблемаларды шеше алуын қамтамасыз ететін қабілеттер – құзіреттіліктер қалыптастыру көзделген.
Жалпы мәдени құзыреттілік:
– адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірінде пәннің алатын орнын түсіну;
– жеке адамның және бүкіл адамзаттың, сондай-ақ Қазақ елі өмірінің рухани-адамгершілік негіздерінің сабақтастығын білу;
– отбасылық, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар мен дәстүрлердің негіздерін анықтау және мәдени құндылықтарын меңгеру;
– әртүрлі тарихи кезеңдердегі мәдени-танымдық құндылықтарды білу, түсіну;
– өз халқының мәдениеті, тілінің мәнін мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну, бағалау, жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері мен этномәдениеттік құбылыстарды тани білу;
– рухани келісім мен ұлттық идеяларды саралай білу.
Оқу– танымдық құзыреттілік:
– оқу-танымдық әрекеттерді жоспарлауды, талдауды және өзіндік бағалау;
– шығармашылық әрекеттердің креативтік дағдыларын меңгеру: ақпаратты, білімді тікелей болмыстан іздеу, қабылдау ;
– стандартты емес жағдаяттардағы әрекет тәсілдерін меңгеру;
– проблемалардың эвристикалық шешім жолдарын меңгеру.
Коммуникативтік құзыреттілік:
– жұппен, топпен және ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;
– Пәннен алған білімдеріне сүйене отырып, диалог және пікірталас құруды меңгеру;
– өзгелердің пікіріне, ұстанымына және көзқарасына, түсіністікпен, төзімділікпен қарау;
– басқаларды тыңдай алу және өзіндік көзқарасын негіздеу, қарым-қатынас мәдениетін меңгеру.
Қоғамдық-әлеуметтік құзыреттілік:
– азаматтық жауапкершілік сезімі;
– қазіргі қоғамдағы өмір үшін қажетті әлеуметтік белсенділік дағдылары;
– бірлескен кәсіби қызметпен шұғылдану (ұжым, топ) қабілеті, қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Ақпараттық құзыреттілік:
– әртүрлі дерек көздерінен ақпараттар ала білу және оларды тиімді қолдану;
– жинаған ақпаратты сұрыптау, жүйелеу және соның негізінде шешім қабылдау;
– ақпаратты қайта құруды, сақтауды, қолдануды және ақпаратты қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен тасымалдауды жүзеге асыру.
Өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттілігі:
– іс-әрекетін өзіндік құндылық сезімімен ұйымдастыра білу;
– өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау;
– өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу.
Құзырлылықты қалыптастырудың нәтижелі жолы – оқушы алдына оқу проблемеларын тудыру, оқушылардың оны шешуін ұйымдастыру. Әр оқушы, оқу процесі барысында қойылған қандай да бір проблеманы өз білімі мен біліктілік тәжірибесіне сай шешуге тырысады. Оқушының оқу процесіндегі қойылған проблемеларды шешу барысында меңгерген қабілеттері оған өмірлік, әлеуметтік тәжірибе ретінде жинақталады.
Оқушыларды оқу проблемелары арқылы өмірге араластыру, тығырыққа тіреу – олардың өз бетінше ойлануына, өзінің бойындағы қабілеттерін жүзеге асыруына жасалған қауіпсіз педагогикалық жағдай болып табылады. Осындай қауіпсіз педагогикалық проблемаларды мүмкіндігінше өмір жағдайына жақындату, өмірдегі мүмкін жағдайларды мүмкіндігінше көбірек қамтып, жобалап ұсыну мұғалімнің міндеті.
Оқу проблемасының оқу тапсырмасынан айырмашылығы қандай?
Оқу тапсырмасы мен оқу проблемасы арасындағы басты айырмашылық – оқу тапсырмасын шешудің үлгісі, алынатын жауабы алдын ала белгілі болуында. Мысалы, сұрақтардың жауаптары белгілі болса, мұндай сұрақтар оқушының қабылданған ақпаратты еске түсіруіне ғана негізделіп дербес ойлануына, ізденуіне жағдай тудырмайды. Бұндай оқу тапсырмалары – сұрақтардың жауаптары оқулық мәтінінде берілген. Ал оқу проблемасының шешімі мұғалімнің ойлағанындай болмауы да мүмкін. Әрбір оқушы әрбір проблеманы шешуде өз тәжірибесі, дүниетанымы, қабілетіне сай пайымдайды. Сол арқылы өмір тәжірибесі молаяды, құзіреттілігі кеңейеді. Осы тұрғыда ойланып көріңізші, әріптес...Сіз не айтар едіңіз?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 385.27 Kb |
Количество скачиваний: | 68 |