Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Музыка     Сыныбы: 6 а,ә,б,в,г,д    Сабақ:  1     Күні:

 

Сабақтың тақырыбы:  Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі:  Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Динаның өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық  қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.

Дамытушылығы:  Күй тыңдату арқылы оқушылардың есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

 

 Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды  сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу. : Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

 

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

 

Сабақтың көрнекті құралдары:  Күйшінің портреті, интерактивті тақта, домбыра

 

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезіңі

 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 

 

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту


       Жамбыл Жабаев (1846 - 1945жж.) қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып - соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді. Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «... Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті. Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады. 1946 жылы Жамбылдың туғанына жүз жыл толуын республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академиялық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тілінде басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясының ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Жамбыл үйі мұражайға айналдырылды. Байтақ Отанымыз бен шетелден келген қонақтар осы мұражайға келіп, ақынның өмірімен танысады, шығармаларын оқиды.
Дина Нүрпейісова (1861 - 1955 жж.) Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде - ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90 - жасында Құрманғазы ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83 - жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С. Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т. б. V.

Тыңдау:  Дина Нұрпейісова «Жеңіс»

 

Үйрену:  Жамбыл Жабаев «Балаларға»

 

Муыкалық сауат:  

 

ІV. Мадақтау. Бағалау.

 

VI. Үйге тапсырма:  Тақырыпты оқу, қосымша мәлімет әкелу

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 37 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 210

Похожие материалы