«Халық мұрасын сабақта тиімді пайдалану»
| Предмет: | Музыка |
|---|---|
| Категория материала: | Рабочие программы |
| Автор: |
Даривхан Семейхан Даривхан
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Қазақтың ауыз шығармашылығы балалардың музыкалық – эстетикалық тәрбиесінің қалыптасып дамуында үлкен маңыз атқарды. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болған оның таңдаулы үлгілері балалар тәрбиесінің таптырмас құралына айналды. Музыкалық - әдеби шығармалар, ертегі – эпостар, мақал – мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында кеңінен пайдаланылды. Олар балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық – тәрбиелік мәнге ие болды.
Осы халық мұрасын мұғалім оқушылардың жан – жақты тәрбиесінде орынды пайдалануы қажет. Мақал – мәтелдерді, жұмбақтарды балалардың жас ерекшелігіне, сабақтардың мазмұнына байланысты таңдап, тәрбиелік мәнін оқушыларға дәлелдеп түсіндіру, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне, методикасын жетілдіруіне көмектеседі.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 18,3 КБ |
| Количество скачиваний: | 17 |