Халық педагогикасы туралы баяндама
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Койшибаева Гульсара Камеловна
|
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 102.5 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |