Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған.

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. "Алтынмен аптап, күміспен қаптап" дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.

Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған.

Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған. Қазақтың ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын шарасы, шөміш, саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастады. Қазір қазақтың өз өнерін, байлығын өзіне көрсететін заман. Дегенмен, ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолдансаңыз ұзақ жылға шыдас береді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 34 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 118

Похожие материалы