ХХІ ғасыр көшбасшысы (Сабақтан тыс шара)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: А)Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.

                        Ә) Ойлау қабілетін жетілдіру.

                        Б) Салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Бәйге. Викториналық сұрақтар.

ІІ. Көкпар. Пирамидадағы сұрақтарды таңдау.

ІІІ. Жорға. 30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру.

І.Қызығушылықты ояту.

І-ші тур. Бәйге:

1.    Олимпиада ойындарының авторы кім? (П.Кубертен)

2.    1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының тұмар белгісінде қандай жануар бейнеленді ? (Аю)

3.    Қазақтан шыққан тұңғыш гимнастшы қыз кім ? (Әлия Юсупова)

4.    Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз? (тоғызқұмалақ)

5.    2003 жылы Қазақстандағы ең үздік спортшы, гимнастшы қазақ жігіті кім? (Е.Ерімбетов)

6.    Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)

7.    Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде және қай жылы өтті? (1896.Афины. Гредция)

8.    Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? (пешка, слон, ат, ладья, ферзь, король)

9.    Билярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)

10.                      Сидней Олимпиадасында алтын медальға қол жеткізген жерлестерімізді атаңыз? (Ыбырайымов, Сатарханов, Шишигина)

         

ІІ-ші тур. Көкпар

Спорт ойындары

30 ұпай.

     Футболдан еңалғашқы әлем чемпионаты қай жылы, қай елде өткізілді.Чемпион болған мемлекетті атаңыз ? (1930 Уругвай. Чемпион Уругвай)

20 ұпай.

1.Афина Олимпадасында футболдан жеңімпаз атанған қай елдің

құрамасы ? (Аргентина)

2. Баскетбол ойынында «Дриблинг» термині қандай ұғым береді? (допты еденге ұрып алып жүру)

10 ұпай.

1.    Волейбол сөзі қандай ұғым береді? (волей- ұшу, бол- доп)

 

2. ФИФА тұжырымы бойынша 2004 жылдың ең үздік футболшысы кім ? (Роналдинью)

3. Баскетбол ойынының авторы кім ? (Джеймс Нейсмит)

 

 

 

Жекпе-жек

30 ұпай.

Бокстан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, кубалық боксшылар кімдер ? (Теофило Стивенсон, Феликс Савон)

20 ұпай.

1. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақтың бір туар боксшысы кім? (Серік Қонақбаев)

2. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінене алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім ? (Жақсылық Үшкемпіров)

10 ұпай.

1. «Балқаш Барысы» атанған қазақстандық боксшы кім ? (В.Жиров)

2. Афины Олимпиадасының чемпионы , «Баркер» кубогінің иегері

Бақтияр Артаевтің жаттықтырушысы кім ? (Нұрлан Ақүрпеков)

3. Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан қаласының 1500 жылдығына)

Түрлі-түрлі

30 ұпай.

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады ? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)

20 ұпай

1. Мұздағы би қалай аталады? (мәнерлеп сырғалау)

2. Бокстың негізін қалаушы, боестің әкесі саналатың ағылшындық қайраткердің есімін атаңыз? (Джон Джек Браутон)

10 ұпай.

1. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз ? (Дебют, Миттельшпиль,Эндшпиль)

2.Афины Олимпиадасында Қазақстан командалық есепке нешінші орынға табан тіреді ? (40-шы)

3. ФИФА ұымының президенті кім ? (Иозеф Блаттер)

Жеңіл атлетика.

30 ұпай.

Кедергімен жүгіру жарысындағы кедергінің биіктігі неше см. ?

(ерлер-106 см. әйелдер-84 см.)

20 ұпай

1. Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигена қандай қашықтыққа жүгіруде алтын медальға қол жеткізді ? (100 м)

2. Қазақстандық  онсайысшы, Афины Олимпиадасының қола жүлдегері кім? (Дмитрий Карпов)

10 ұпай

1. Жүру мен жүгірудің қандай айырмашылығы бар ? (жүгіруде ұшу формасы сәтті болады)

 

2. Спринтер – қандай спортшы ? (қысқа қашықтыққа жүгіруші)

3. Жүгіру жарыстарының ең алыс қашықтарын атаңыз ?

 

( 3000,5000,10000,20000 м.)

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 738.5 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 118

Похожие материалы