"Химия тұрмыста" атты қолданбалы курстың жоспары
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Наурызбаева Гульназ Чапетовна
|
Жапсарбаев атындағы орта мектеп
«Химия -тұрмыста» атты қолданбалы курстың бағдарламасы
11 сынып
2014-2015 оқу жылы
Пән мұғалімі: Наурызбаева.Г.Ч.
Жаратылыстану- математикалық бағытбойынша химия пәнінен « Химия тұрмыста»атты қолданбалы курстың тақырыптық- күнтізбе жоспары.
Химия пәні бойынша бағдарлы оқытудың «Химия тұрмыста» тақырыбы бойынша құрастырылған бағдарлама
(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр. Жедел қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі-күнделікті өмірде қолданылып жүрген-тұрмыс химиясы.
Тұрмыс химиясының негізі-үй-іші жиһаздарын, киім-кешектерді, қабырғаларды тазалайтын заттар, ыдыс жуатын құралдар, косметикалық опа-далаптар, құрылыс материалдарын, синтетикалық жуғыш заттар даярлап шығару, олардың тұрмыста қолданылуын, әдіс-тәсілдерін оқушыларға кеңінен үйрету жағдайын қарастырады.
Бағдарламаның міндеттері:
1.Оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, әр түрлі заттардың күнделікті өмірде қолданылуын тәжірибе жүзінде дәлелдеуі, ойды жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту.
2.Интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру.
3.Ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдысын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
4.Химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, өз жерінде сұраныс туғызатын мамандыққа баулуға жағдайлар жасау керек.
Оқушылардың білімі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Бағалау барысында: материалдардың дұрыс, әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуын, химиялық терминдердің дәл қолданылуын, оқушылардың дербес жауап беруін, материалдардың логикалық, дәлелді баяндалуын және өзіндік икемділігін қалыптастырғанын ескеру қажет.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 29.07 Kb |
Количество скачиваний: | 365 |