Химиялық кеш. Химия еліне саяхат

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Химия еліне саяхат Оқушылардың химияға қызығушылықтарын арттырудың бір жолы дәстүрлі емес сабақтар өткізу. Олардың бірі ретінде химияны оқытуда 8-11 сыныптар арасында өкізген «Химия еліне саяхат» атты химиялық кештің әдісін пайдалануды ұсынамын. Мақсаты: 1.     Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. 2.     Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану. 3.     Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. Бастаушы:Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.    Көруге химия кешін жиылғандар,               Менделеевке құдайындай сыйынғандар.             Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты Тамашалау бақыты бұйрғандар. Әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстыру. 1.     « Сәлем сөздің анасы» топтардың атын қорғауы, ұраны. 1-нұсқа Медицина 2-нұсқа Биология 3- нұсқа Химия 4-нұсқа Ғалымдар тоғысында Медицина 1.     Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі (Аспирин) 2.     Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент(бром) 3.     Сүйекті қаптайтын элемент (кальций) 4.     Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық зат(күкірт) 5.     5% спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады(иод) 6.     Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент(мырыш) 7.     Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна(радон) 8.     Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер(титан, тантал) Биология 1.     Теңіз орамжапырағы- ламинарияның құрамына кіретін, адам үшін маңызды элемент (иод) 2.     Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады (натрий хлориді) 3.     Адам ағзасының 60-65% құрайтын сұйық зат (су) 4.     Темекі құрамына кіретін улы зат (никотин) 5.     Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент (калий) 6.     Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл (Тұз қышқылы) 7.     Өсімдік жапырақтарына түс беретін элемент (магний) 8.     Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді (темір) Химия 1.Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар) 2. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы (аллотропия) 3. Химияның қаны деп аталатын қышқыл (күкірт қышқылы) 4. Калий қандай металл (сілтілік) 5. Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ ( көмірқышқыл газы) 6. Қандай көк қағазды лезде қызартуға болады (көк лакмус қағазын кез келген қышқылға батыру арқылы) 7. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром) 8. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды (нитраттар) Ғалымдар тоғысында: 1.     Универсалды тұрақты- идеал газдың 1 мольіндегі молекула санын ашқан итальяндық ғалым (А. Авогадро) 2.     Атом-молекулалық теория негізін салушы (М.В. Ломоносов) 3.     Электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынған ғалым (С.Аррениус) 4.     Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым (И.А.Каблуков) 5.     Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев) 6.      Фотосинтез процесін ашқан ағылшын химигі (Д.Пристли) 7.     Атақты музыкант, композитор болған орыс химигі (А:П:Бородин) 8.     Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Д.Пруст) Бастаушы: Сендер бізді іскерліктеріңмен тапқырлықтарыңмен тәжірибе көрсетіп таң қалдырдыңдар, енді тағы да сендердің химия ғылымын қаншалықты білетіндіктеріңді сынап көрсек, ол үшін әр топтан екі оқушыдан шығып «тізбектен шығып қалма» ойын сайысына қатысады. Ойынның шарты бойынша топтар қышқылдарды, тұздарды, негіздерді кезекпен жылдам айтулары керек. Бастаушы:  Есеп: Массасы 33,3г кальций хлориді мен 16,4г натрий фосфаты әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасын және зат мөлшерін есептеңдер.(15,5г,0,05моль) Бастаушы:Әділ қазылар қорытынды шығарғанша көрермендерді де сынап көрсек, бәлкім сендердің араларыңда да химиктер отырған шығар. Көрермендермен ойын: «Мен кіммін?»  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.63 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 145

Похожие материалы