Химиялық реакция типтері : қосылу, айырылу
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шокатова Сагдат Кажымукановна
|
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері : қосылу, айырылу
Бөлім: «Химия»
ПӘН: Химия
МЕКТЕП: «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ
КҮНІ:
Мұғалім: Шокатова С.К
СЫНЫП: 8
ОҚУШЫ САНЫ:
КЕЛМЕГЕНДЕР
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары
Химиялық реакция типтерін түсіндіре отырып, реакция теңдеуін
жаза білуге үйрету.
Сабақ мақсаты
Оқушыларды «Химиялық реакция типтері» ұғымымен танысады.
Химиялық реакция теңдеулерін жазып , химиялық реакцияның типтерін анықтауға жаттығады
Сапалық реакция теңдеулерін жазып дағдыланады
Химиялық реакция типтері туралы нақты мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді..
Өзіндік пікірге негізделген материалдың маңыздылыңын бағалайды
Сабақтың түрі:
Сабақтың
көрнекілігі:
Сабақтың
әдіс-тәсілі:
Аралас сабақ
Слайд,периодтық кесте, үлестірме көрнекіліктер, деңгейлік тапсырмалар. слайд,
БЛУМ, (БББ кестесі)
Алдыңғы тақырып
Зат мөлшері. Молярлық масса
Жоспар:
Жоспарланған уақыт
Сабақтың басы
2 мин
І. Тренинг бүгінгі сабағымызды жақсы көңілмен бастау үшін бір-бірімізге қарап өз аттарыңның бірінші әріпі бойынша жақсы сөздер айтыңдар.
4 минут
7 минут
5-минут
ІІ. . Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.
- Оқушылармен амандасу.
-Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
-Оқушыларды топқа бөлу.
-Мақсатын айту.
ІІ. Үй тапсырмасы. Алдыңғы сабақтармен байланыс.
Білім. 2 мин.
Зат мөлшерінің формуласын пайдаланып, есеп құрастырып келу
(әр оқушыны тексеремін)
Химиялық диктант.
көп нүктенің орнына атом және молекула деген сөздерді қойып жазу.
Ауадағы газдардың құрамында оттегінің молекуласы кіреді.
Су молекуласы оттегінің және сутегінің атомынан тұрады.
Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант молекуласына байланысты.
Оттек суда ерігенде оттегінің атомы судың молекуласының арасында орналасқан.
Қант молекуласының құрамында оттегі және сутегі атомдарынан басқа да көміртегі атомы кіреді.
Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод молекуласына байланысты.
Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек молекуласына байланысты.
1 . Валенттілік дегеніміз не?
2. Зат мөлшері дегеніміз не?
3. Авагодро саны деген не?
4. Молекулалық массаға мысал келтіру.
Жалпы реакция дегенді қалай түсінесіңдер? (Химиялық және физикалық құбылыс деген не?)
III. Түсіну. «Мағынаны тану». Жаңа сабақ.
. Химиялық реакция теңдеулерін жазып үйрену кезінде сендер кез келген әрекеттесуге жай және күрделі заттардың қатынасынан көрдіңдер. Реакцияға кірісетін реагенттер мен өнімдерді атом молекула түрінде бейнелеуге дағдылана бастадыңдар. Сан алуан химиялық реакцияларды реагенттер мен өнімдерге, олардың құрамындағы өзгерістерге қарап, төрт типке бөлінеді, соның бүгін 2-түрімен танысамыз.
Қосылу реакциясы. Өзінің аты айтып тұрғандай бұл типке заттардың өзара бірігуінен жаңа күрделі заттың түзілуі жатады. Оған бұрын да қарастырылған темір мен күкірттің қыздырғанда әрекеттесуін мысал ретінде алайық:
Fe +S = FeS
Са О + Н2O = Ca(OH)2
СaO + H2O + CO2 = Ca(HCO3) 2
Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды.
Қосылу реакциясына ең кемі екі зат қатынасады.
. Айрылу реакциясы. Бұл типке күрделі заттардың ыдырап , қарапайымдау заттарға айналу реакциялары жатады. Оған су молекуласының тұрақты токтың әсерінен ыдырауының химиялық теңдеуін мысалға алайық.
2H2O ==2H2 + O2
Бұдансудың әрбір молекуласы ыдырағанда екі газ күйіндегі жаңа зат: сутек пен оттек түзілетіні көрініп тұр.
Қазақстанның жерінде көп кездесетін табиғи байлық – әктастың қызудың әсерінен айрылуын қарастырайық:
СаСО3 == СаО + СО2
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.
Қолдану. 5 мин.
3. «Миға шабуыл , сұрақ -жауап
Талдау.4 тапс:
Жинақтау. 10-минут
Кеспе қағазбен жұмыс
Оқушыларға дайындалған кестелер үлестіріледі. Әр оқушы өз тапсырмасын дәптерде орындайды.
«Күрделендірілген тапсырмалар» (үш деңгейлі)
Бағалау: 3-минут
Қалыптаст баға: (БББ кестесі)
Жинақт баға: (сәйкестік тесті
Бекіту сұрақтары: Семантикалық карта.
Қорытындылау
Үйге тапсырма : Жд-дәптер жаттығулар
Рефлексия кезеңі: 1 мин.( стикерге жазып жапсырады)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.25 Kb |
Количество скачиваний: | 58 |