Хлеб - богатство родины

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

                                  Нан-Отан байлығы.

Сабақтың мақсаты:Нанды қадірлеуге үйрету.

Қасиетті тағамның  дастарханға  қалай келетіндігін түсіндіру.

Еңбек адамдарын  сыйлай  білуге тәрбиелеу.

Ата-аналардың көмегімен пісірілген нан түрін,нан туралы нақыл сөздер  көрнекілік ретінде пайдаланылады.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім:О,адамдар,айтарым бар,

                  Нанды баспаңдар.

                  Онда қол жетпейтін аспан бар

                  Әлі ешкім жазбаған дастан бар

                  Өтініп сұраймын

                  Ана бол,дана бол,бала бол

                  Нанды баспаңдар!

Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар мектепалды даярлық тобының «Нан-Отан байлығы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Дастарханға нан келу үшін бірінші не істеу керек?

1 оқушы:Қыста егістікте қар тоқтатылуы керек.

2 оқушы:Сонан соң жер жыртылуы керек.

3 оқушы:Көктемде егістікке тұқым себілуі керек.

4 оқушы:Күзде бидай піседі.Оны комбайнмен орып аламыз.

5 оқушы:Алтын астықты трактормен,машинамен қамбаға апарамыз.

6 оқушы:Тазартылған бидайды диірменге апарамыз,оны ұнғып тартамыз.

7 оқушы:Ұнды наубайханаға апарып,түрлі нандар пісіреді.

Мұғалім:Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

 

1)Нанды бір қолмен үзуге болмайды.Ол кесір болады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.49 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 79

Похожие материалы