И-Й әріптерінің жазылуы (3 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Байменова Марзия Магауовна
|
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Оқушылар санына сәйкес дауысты (жуан, жіңішке) дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді) кеспе әріптер үстелдің үстіне теріс қаратылып жайылып қойылады. Әр оқушы бір әріптен алып өзіне тиісті орынға барып отырады. Оқушылар дыбыстардың түрлеріне қарай бөлініп отырады. Тақырыптар бойынша өткен материалдар қайталанады
1-топ. Жуан дауысты дыбыстар. Қолдарындағы әріптерді қатыстыра отырып, жуан айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жуан айтылу себебін түсіндіреді
2-топ. Жіңішке дауысты дыбыстар. Осы дыбыстарды қатыстырып жіңішке айтылатын сездерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жіңішке айтылу себебін түсіндіреді.
3-топ. Қатаң дауыссыз дыбыстар. Бұл топ бірнеше сөз тауып жазып, олардың ішіндегі қатаң дауыссыз дыбыстарды атайды. Олардың қатаң деп айтылу себебін түсіндіреді.
4-топ. Ұяң дауыссыз дыбыстар. Бұл топтағылар да мысалға келтірген сездердегі ұяң дыбыстарды атайды.
5-топ. Үнді дауыссыз дыбыстар. Мысалға келтірген сөздердегі үнді дыбыстарды атайды.
Мұғалім осы дыбыстардың ішінен и, й, у дыбыстарына жеке тоқталып, осы дыбыстардың ерекшеліктері бойынша 2-сыныпта еткендерін айтып, оқығандарын еске түсіреді. Топтарға төмендегі тапсырмалар беріледі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 24.15 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |