“ImageBox-сурет, Picture Box -графикалық өріс”

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың  мақсаты:        1)  Білімділігі:     Visual Basic проектілеріне графиктік объектілерді графиктік                                         операторларын пайдаланып программалау,  графиктік                                        компоненттерді қолдану, программа  құруға дағдыландыру.        2)  Дамытушылығы:  Оқушылардың Visual Basic программасымен жұмыс жасауға                                         дағдыландыру, ойлау  қабілетімен  қызығушылығын  арттыру       3)  Тәрбиелігі:   Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылымилыққа,программалық                                    сауаттылыққа тәрбиелеу.    ІІІ. Сабақтың  типі:  Аралас  сабақ IV. Сабақтың  көрнекілігі: компьютерлер,  слайд V. Оқыту  әдістері:  сөздік, көрнекі,  практикалық VІ. Пайдаланылған  әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова  Информатика  10  сынып  оқулығы,  Bisual  Basic ортасы, Ж.Динисламов VІІ.  Сабақтың  барысы:                 1)  ұйымдастыру                2)  үй тапсырмасын сұрау                3)  жаңа  сабақ                4)  практикалық жұмыс                5)  үйге  тапсырма                6)  қорытынды   Үй тапсырмасын сұрау. 1.      Visual Basic программасын  іске қосу 2.      Visual Basic программасының элементтерін ата 3.      Visual Basic программасының қандай компоненттері бар. 4.      Visual Basic қасиетін ата Жаңа  сабақ Visual Basic проектілеріне графиктік объектілерді графиктік операторларын пайдаланып программалау немесе компоненттер панеліндегі графиктік компоненттерді қолдану арқылы шығаруға болады. Picture  компоненті (бейне-қорап) компоненті  формаға  графикалық  объектілерді кірістіру  үшін  қолданылады. Picture объектісінің  графикалық  өрісіне  әртүрлі  типті  графикалық файлдар  мен  текстік  фрагменттерді,  ішіне  геомтериялық  фигураларды салуға  және  басқа  да графикалық  объектілерді  кіргізуге  болады. Сонда  графикалық  өрістер  форманың  ішінде  форма  сияқты  жұмыс  жасайды. Picture Box объектісінің негізгі қасиеттері: AutoSize – графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент (сурет, картина) өлшеміне шақтап өзгерту, Picture кірістірілген графикалық файл жолы, Image – қосымша орындалып жатқанда бір өрістен екінші өріске сурет көшіру, мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса: Piture1.Picture=Picture2.Image онда Piture1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына Picture2 өрісіндегі сурет келеді.   ImageBox(сурет-қорап) компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады. Picture Box компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды. Қосымша ImageBox компонентімен енгізілген суреттер жадта аз орын алады.  ImageBox  объектісінің негізгі қасиеттері: Picture-кірістірілген файл жолы                Графиктік объектілерді программалау   операторлары.                            1. Line- түзу және тіктөртбұрыш шығару операторы. 2. Pset - нүкте шығару операторы 3. Circle- шеңбер және доға шығару операторы. 4. DrawWidth- функциясы  сызықтың қалыңдығын орнату. 5. RGB –функциясы кез келген түс алу үшін қолданылады.   •         Line операторы түзу және тіктөртбұрыш шығару үшін қолданылады, жазылу форматы:              Line(X1,Y1)-(X2,Y2),C,[B,BF]             мұндағы:   X,Y –түзу координаталары                                   С- сызық түсі                                   B-тік төртбұрыш шығару коды                                   BF- боялған тік төртбұрыш шығару коды •         Pset-  операторы нүкте шығару үшін қолданылады, жазылу  форматы:     мұндағы:   X,Y –  нүкте  координаталары                                      С- сызық түсі                           •         Circle- шеңбер және доға шығару үшін қолданылады, жазылу форматы:   Circle (X,Y),R,C [a,b,c]     мұндағы:   X,Y – шеңбер центрінің  координатасы.                                       R-шеңбер радиусы                                     С- сызық түсі                                       a,b – доға шығаруда қолданылатын параметрлер.                  а –сағат тіліне қарама-қарсы бағытта шеңбер сызығын өшіреді.                  b-сағат тіліне қарама-қарсы бағытта доғаның сызығын салады.                  с-эллипс шығаруда қолданылатын параметр •                                 DrawWidth- функциясы  сызықтың қалыңдығын орнату  үшін қолданылады, жазылу форматы:                                     DrawWidth=a     Мұндағы:   а- сызық қалыңдығы •                      RGB –функциясы қызыл, жасыл, көк түстер  кодтары арқылы кез келген түс алу үшін қолданылады. •         Жазылуы:     RGB (X,Y,Z) •         X- қызыл түс коды; •         Y-жасыл түс коды; •         Z-көк түс коды. І  деңгейлік тапсырма. №1 есеп Формаға әртүрлі фигуралар шығаратын қосымша жасау 1.    Формаға –  ScaleMode - Pixel 2. Command 1- Caption - Нүкте 3. Command 2- Caption - Түзу 4. Command 3- Caption - Төртбұрыш 5. Command 5- Caption – Шеңбер 6. Command 6- Caption – боялған төртбұрыш   Private Sub Command1_Click() DrawWidth = 20 PSet (40, 120), vbBlue End Sub Private Sub Command2_Click() DrawWidth = 20 Line (140, 350)-(100, 120), vbRed End Sub Private Sub Command3_Click() DrawWidth = 20 Line (100, 50)-(200, 100), vbGreen, B End Sub Private Sub Command4_Click() DrawWidth = 20 Circle (460, 100), 50, vbRed End Sub Private Sub Command5_Click() DrawWidth = 20 Circle (320, 100), 50, vbBlue, 6, 2 End Sub Private Sub Command6_Click() DrawWidth = 20 Line (500, 250)-(400, 300), RGB(105, 76, 120),BF End Sub •         ІІ  деңгейлік тапсырма. №2   есеп “Үшбұрыштың  программасының қосымшасын  құру” •         ІІІ деңгейлік тапсырма №3  есеп “Үйдің программасының  қосымшасын құру . Қорытынды. Үйге тапсырма: “ImageBox-сурет,  Picture Box -графикалық  өріс” оқу.  «Компьютердің программасының қосымшасын жасау»  программа құру.  Оқушыларды бағалау.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.43 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 143

Похожие материалы