ИНФ апталығына "Білімділер керуені" атты сайыс сабақ

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:               Білімділер керуені

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                 Мұғалімдердің лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.

 

Дамытушылық:      Мұғалімдердің логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын жан-жақты дамыту.

 

Тәрбиелік:                Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, ойын элементтері

Пәнаралық байланыс: информатика, физика, математика, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, шар.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңінде әр бірлестіктен 1 мұғалім өзімен бірге 1 оқушыны алып шығады.

 

Ерсайын:

Ассалаумағалайкум, халайық,

Сайыстың бетін ашайық.

Сұраққа шешу табайық,

Жер ұйығы – білімнің,

ИФМ деген ғылымның

Жаннат жеріне барайық.

Бұл думанды кеште біз,

Нәр білімді, бар өнерді,

Көрсетіп бір қалайық.

Мақал-мәтел жұмбақтар,

Сырлы сауал сұрақтар,

Есепті шығар ойланып,

Жеңіске жетер жүйрік топ,

Думанды кешті тойлайық.

 

Жадыра:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Білімділер керуені»  атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік. Әділ-қазы алқасының төрағасы Юсупов Рустем,

Мүшелері: Шаукенова Биғайша,

                    Калкаманова Аманбибі,

                   

 

Армысыздар осында жиналғандар

Сіздерді қызықтырар небір сыр бар

Рұқсат берсе, біздерге көрермендер

Кешімізді басталық қатысушылар- дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

Ерсайын:

«Білімділер керуені» сайысымыз 8 тур бойынша өткізіледі.

I тур. Таныстыру кезеңі (Ұраны, топ аты)

II тур. «Ойлан тап!» (Сұрақ-жауап)

III тур. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (Жұмбақ)

IV тур. «Білгенге маржан!» (Мақал-мәтелдер )

V тур.  «Аз сөйле, терең ойла» (Логикалық сұрақтар)

VI тур. «Жанкүйерлер сайысы» (Әр топтың жанкүйері сайысады)

VIIтур. «Біз білмейтін бір қырыңыз» (Өнер)

 

Жадыра:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Барлықтарыңыз бізбен бірге қызықты «МИФ» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар!

 

Ерсайын:

Сіздерге сәттілік әкелетін, әрі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «  » сынып оқушысы Көшкінбай Назеркені «Туған жер» деген әнімен ортамызға шақырамыз.

 

Жадыра:

I тур. Таныстыру кезеңі. Бұл турда әр топ өз тобын таныстырады. Таныстыруға жоғары ұпай – 5 ұпай.

 

Ерсайын:

II тур. «Ойлан тап!» (Сұрақ-жауап) Бұл турда әр топқа 2 минут ішінде 9 сұрақ беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез-келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.

 

1 топтың тапсырмасы:

Адамның денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы?  (Монитор)

Деректерді сақтауға арналған құрылғы?   (Жад)

Сурет салуға арналған бағдарлама?   (Paint)

Жылдамдықты өлшейтін құрал?  (Спидометр)

Оптикалық шыныдан жасалатын зат? (Линза)

Жерді қоршап тұрған ауа қабығы?  (Атмосфера)

Жай бөлшектер нешеге бөлінеді? (2ге Бұрыс және дұрыс)

Әлемнің жеті кереметін ашқан пән?  (Геометрия)

Ең үлкен екі таңбалы сан?  (99)

 

2 топтың тапсырмасы:

Компьютердің жанына қойылатын өсімдік? (Кактус)

Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады? (Корзина)

Windows cөзінің қазақша аудармасы? (Терезе)

Қай планетаның сақинасы бар? (Сатурн)

Мұз қай температурада ериді? ()

Ең жақын жұлдыз? (Күн)

Екі теріс санның көбейтіндісі? (Оң сан)

Тік төртбұрыштың ауданын есептейтін формула? (S=аb)

Ең кіші ұзындық өлшемі? (мм)

 

3 топтың тапсырмасы:

Windows-тың негізгі экраны? (Жұмыс үстелі)

Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы? (Модем)

Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (Есептеу)

Бізді қоршаған орта? ( табиғат )

Температураны өлшейтін құрал? (термометр)

Судың қатты күйі? (мұз)

Тік бұрыш қандай бұрыштан үлкен? (сүйір)

60-тың 50%-ын тап? (30)

Теріс санның модулі? (оң сан)

 

4топтың тапсырмасы:

Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе? (Windows )

Компьютердің «миы»? (процессор)

Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)

Зат неден тұрады? (молекула)

Аспан денелері туралы ғылым? (астрономия)

Молекулалардың ретсіз қозғалысы? (жылулық қозғалыс)

Санның ноль дәрежесі неге тең? (1-ге)

Қарама-қарсы сандардың қосындысы? (0)

Натурал сан не үшін керек? (санау үшін)

 

5 топтың тапсырмасы:

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы? (компьютер)

Екілік жүйенің сандары? (0,1)

Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы? (оперативті жады)

Дене пішінін немесе өлшемдерін өзгертуі?   (деформация)

Диффузия қай күйде тез өтеді? (газда)

Дененің жүріп өткен жолы? (траектория)

Екі қатынастың теңдігі? (пропорция) 

Параллелепипедтің неше қыры бар? (12)

1кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма? (тең) 

 

6 топтың тапсырмасы:

Жою пернесі? (Delete)

Ақпапаратты процестерді зерттейтін ғылым? (информатика)

Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы? (дисплей немесе монитор)

360 минуттан неше сағат шығады? (6 сағат)

Ең үлкен уақыт өлшемі? (Ғасыр)

Молекулалардың бір-біріне өту құбылысы? (диффузия)

Бір жылда неше күн бар?  (365 немесе 366)

Жазыңқы бұрыштың шамасы неге тең? ()

Қандай сан 9-ға қалдықсыз бөлінеді? ( цифрлардың қосындысы 9-ға бөлінсе)

 

Жадыра:

Ойлан тап кезеңін аяқтап болсақ ендігі кезекті әнге берейік. Алдарыңызда «» сынып оқушысы Жоламан Манастың орындауында «Бол жанымда» әні.

III тур. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Бұл кезеңде әр топтың 1 мүшесі ортаға шығып, жасырылған жұмбақтың жауабын шешеді. Егер шешімін таба алмай қалған жағдайда, қарсылас топ топ жауап беруге мүмкіндік алады. Бағалануы әр жұмбақ – 10 ұпай.

1 топ тапсырмасы:

1. Жай көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді                                          (Молекула)

2. Батырманы басасың

Қажетіңді ашасың                                             (enter батырмасы)

3. Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы.          (Бөлшек сан)

 

2 топ тапсырмасы:

1. Компьютерге енеді

Қағазға басып береді                       (принтер)

2. Өзі затты құрайды

Теңелуге таразыны сұрайды           (масса)

3. Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі                     (Кесінді)

 

3 топ тапсырмасы:

1. Ақпаратты сақтап таратқан

Жұртты өзіне қаратқан                   (тасмалдаушы дискілер)

2. Жоғарыламайды ешқашан,

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса  

Жұмыс істейді ар қашан                 (энергия)

3. Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?        (Бұрыш) 

 

4 топ тапсырмасы

1. Егер білсен айтағойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді                       (сканер)

2. Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды                    (температура)

3. Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді.                        (Параллель тузулер)

 

5 топ тапсырмасы

1. Төртбұрыш  әйнек

Тұнып тұрған әлек                          (монитор)

2. Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

Өлшем бірлігін қарасан

Ньютонға келеді                        (күш)

3. Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады                  (Дәреже)

 

6 топ  тапсырмасы

1 Ұзын тұра Жалқаубек

Тұрмай ылғй жатады

Қозғала салса артынан

Ешбір белгі калмайды              (бос орын пернесі)

2 Оңынан оқы тіршілік нәрі

Солынан оқы онсыз адам,

Өсімдік, аң, құс

Әп сәтте сөнер

Тұншығып бәрі                         (АУА)

3. Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген     

                                                        (12ай, 1жылда 52апта, 1аптада 7күн)

Ерсайын:

 IV тур. «Білгенге маржан!» Бұл кезеңде информатикаға байланысты мақал-мәтелдер айтылады. Айтылған мақал-мәтелдерді өмірдегі мақал-мәтелдермен байланыстырады. Тапқан әр мақал-мәтелге 10 ұпайдан беріледі.

1 топ тапсырмасы:

Вирустан қорыққан интернетке шықпас

(Шегірткеден қорыққан егін екпес)

 

2 топ тапсырмасы:

Антивирусы көпті вирус алмайды

(Досы көпті жау алмайды)

 

3 топ тапсырмасы:

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.95 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 76

Похожие материалы