Информатика. 7 сынып «Обьектілермен жұмыс істеу»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Открытый урок

Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: «Обьектілермен жұмыс істеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды обьектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен және обьектілердің атын өзгерту, оларды жою, қалпына келтіру ережелерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, видео реферат, шағын жоба.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. Өткен сабақты қайталау

3. Оқушылардың дайындаған шағын жобасы, видео рефератын тыңдап, талдау жасау.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру

5. Компьютермен жұмыс, тапсырмаларды орындау

6. Сергіту сәті

7. Сабақты бекіту

8. Оқушыларды бағалау

9. Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Қапшық (папка) – объектілерді (файлдар, таңбашалар және басқа да қапшықтар) сақтайтын орын. Қапшықтар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық қапшық белгіше түрінде, ал ашығы – терезе түрінде беріледі.

Файл – аты, типі, өлшемі, құрылу уақыты деп аталатын қасиеттері бар объект.

Таңбашалар (Ярлык) – нақты объектіге сілтеме.

Windows – объектілерін басқару әртүрлі құрылғылармен жүзеге асырылады, олардың ең бастысы тышқан болып табылады. Тышқанның сол жақ батырмасы-негізгі, оң жақ батыммасы – қосымша. Тышқанмен шерті – сол немесе оң жақ батырмасын басу, екі рет шерту-тышқанның сол жақ батырмасын шапшақ түрде екі рет басу.

Объектілерді жылжыту – тықшанның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып объектіні бір орыннан екінші орынға жылжыту.

Файл дегеніміз не? Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та бағдарламалардың басқа атауы –қолданба да қолданылады.

Әр файлдың аты болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады. Файлдың атында ? : * « < > / символдарын пайдалануға болмайды.

Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

* .bmp Paint графикалық қолданбасының суреті

* .doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары

* .txt Блокнот қолданбасының құжаты

* .wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы

* .avi Бейнеклип

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.91 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 192

Похожие материалы