Информатика пәні ақпарат түрлері
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Саймбетова Галия Муратовна
|
Сынып 6 «А»
Мерзімі: 10.09.2014
сабақ реті: № 2
Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасеттерімен таныстыру
Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.
Сабақ түрі: қайталау сабақ
Сабақ әдісі: сөздік, практикалық, көрнекі
Оқыту формалары: жеке, топтық
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, үлестірме қағаздар, СИН каз бағдарламасы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Бүгінгі сабағымызда 5 сыныпта өткен информатика, ақпарат түсінігімен танысамыз. Ақпарат түрлерін еске түсіріп, толықтырамыз.
Топқа бөлу
III. Білімді өзектендіру
Сұрақтар:
1. Информатика дегеніміз не?
2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?
3. Ақпарат дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
IV. Жаңа сабақты оқып- үйрену.
Информатика – ЭВМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалар мен сигналдар түрінде беретін мағлұматтар.
«Ақпарат» термині латынның « information» сөзінен аударғанда «түсіндіру, баяндау, мәлімет» деген мағынаны білдіреді.
Ақпараттың көзі және оны қабылдаушы болады. Дәл қазіргі сәтте ақпарат көзі кім? Ақпарат қабылдаушы кім?
Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім мүшелерінің бес түрін қолданады: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу.
Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық, видео.
V. Бекіту
Топпен жұмыс
Әр топ ақпаратты алу және беру түріне мысал келтіріңдер
Тапсырма № 1
Ақпарат алатын көздерді атап айт.
«Біз ақпаратты қайдан аламыз» деген сұрақты дискуссия барысында талдау
Тапсырма № 2
Компьютермен жұмыс
Компьютерде СИН каз бағдарламасында тапсырмаларды орындау
VI. Қорытындылау
Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер алдыңдар? Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Көңіл күйлерің қалай?
Әр топ басшылары өз тобындағы оқушыларды өздері бағалайды.
VII. Үй тапсырмасы
Конспектті оқу. Ақпарат және ақпарат көзіне мысалдар келтіру
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.43 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |