Информатика пәні бойынша оқытудың интерактивтік әдістерін қолдану

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                                            Біз «Өмір бойына жететін білім алу» моделінен             

                                                   «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.

                                                                                                              Н.Ә.Назарбаев

 

 

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер мұғалімдердің білімдерін көтерудегі жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуді қажеттiлiк тудырады.(1 слайд)

 

Мұғалім мен оқушының арасындағы қарыма қатынастың үш формасы(2слайд)

  1. Бейтарап әдіс(3 слайд)
  2. Белсенді әдіс (4 слайд)
  3. Интерактивті әдіс (біз бүгін осы әдіске тоқталамыз (5 слайд)

 

¢  Интерактив –  сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

¢  Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, конструктивті білім беруге, сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.(6 слайд)

 

Интербелсенді әдістерге: топпен жұмыс, пікір–таластар, проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, рөльдік ойындар, блиц-сұрақтар әдісі, кейс – стадийлер, миға шабуыл әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, инсерт әдісі, анкета алу әдісі және т.б. жатады.

Көрсетілген интербелсенді әдістерді қолдану арқылы- мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, оқушыларды елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

(7 слайд) Интербелсенді әдістің нәтижесінде оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:

¢  1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);

¢  2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)

¢  4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);

¢  5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

 

¢  6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен,  интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 561.5 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 128

Похожие материалы