Информатика пәнінен ойын сабагы

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

тақырыбы: «Paint графикалық редакторы»

Сабақ мақсаты:

- оқушылардың өткен «Paint» тарауы материалдары бойынша алған білімдерін тексеру, берілген тапсырмалардың нәтижесін алу;

- жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген топтық жұмыстарды орындату;

- компьютерде бағдарламамен жұмыс жасауда әр-түрлі амал-тәсілдер арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

- ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

І кезең. «Танысайық».Әр топ өздерін таныстыра отырып, компьютерде төсбелгілерін қорғайды.

ІІ кезең. «Кім білімді?» сұрақтарға жауап беру.


“Компьютер” тобының сұрақтары.

-Компьютер алдында қалай отыру керек?

-Көз талғанда не істейді?

-Ақпаратты немен көреміз?

-Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?

-Принтер-  дегеніміз не?

-Пернетақта не үшін керек?

-Жүйелік блок дегеніміз не?

-Paint сурет салу программасын қалай қосамыз?

-Суретті қалай бұрады?

 

 

“Информатика” тобының сұрақтары

-Paint сурет салу программасы не үшін қажет?

-Көзбен монитор арақашықтығы қанша болу керек?

-Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?

-Ақпаратты немен естиміз?

-Маустың неше батырмасы бар?

-Сурет салу программасыныңқұралдарын ата

-Үзіндіні қалай көшіреміз?

-Палитра деген не?

-Үзіндіні көбейту үшін нені орындау керек?


 


ІІІ кезең. «Көрсетейік». Тақтада бірдей түсті бірнеше тор көздер ілінген, олардың астында жасырылған түрлі математикалық фигуралар бар, солардың ішінен екі бірдей фигураны табу керек.

ІV «Құрастырайық».

«Компьютер» тобына- тік төртбұрыш құралын қолдана отырып, поездың суретін сал.

«Информатика» тобына- дөнгеленген тік төртбұрыш құралын қолдана отырып, шәйнектің суретін сал.

V кезең. «Кім зерік». Тақтадағы суретте неше таяқша бар?

VІ кезең. «Орындайық». Суретті қолды алмай сал. «Компьютер» тобына жұлдыз. «Информатика» тобына- конверт.

VІІ кезең. «Кім шапшаң». «Компьютер» тобына. Егер үш тор көздегі суреттерді бір тор көзге қабаттастырып қойсақ неше тор көз бос қалады? «Информатика» тобына. Егер жоғарыдағы үш тор көзді бір тор көзге қабаттастырып қойсақ төмендегі тор көздің қайсысы шығады?

VІІІ кезең. «Қарақшы». Үзінділерді жылжыта отырып, қарақшыны киіндір, содан кейін киімін қайта ауыстыр.

 

Сабақты қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32.5 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 121

Похожие материалы