Информатика пәнінен презентация және сабақ жоспары тақырыбы "Есептеуіш техниканың даму тарихы"

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна

 

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техниканың даму тарихы

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат беру.

2. Тәрбиелік: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, оларды жауапкершілікке, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, олардың көру және есту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ (түсіндіру, “Көңілді батырмалар”, «Ол кім? Бұл не?», «Саңырауқұлақ терейік!» ойындары)

Сабақтың әдісі: тірек-сызба арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, сәйкестендіру тесті

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, есептеуіш техника құралдарының суреттері

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

                                          2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

                                                   3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көңілді батырмалар» ойынымен тексеру. Интерактивті тақтада түрлі-түсті батырмалар беріледі. Оқушылар қалаған батырмаларын таңдайды және батырмаларды басқан кезде сол батырманың сұрағы шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 3.63 Mb
Количество скачиваний: 1
Просмотров: 107

Похожие материалы