Информатика пәнінен тест сұрақтары.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Бахытжанова Лунара Алимжановна
|
Сабақтың тақырыбы: «PAINT» графикалық редакторы. Суретті сақтау, суретті ашу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: «PAINT» редакторында суретті ашуды, құруды, сақтау қызметін меңгерту.
ә) Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға жіне уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
б) Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: Білім, білікті практикада қолдана білу сабағы.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, геометрия, сызу, қазақ тілі
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе - түсіндіру, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Бекіту сұрақтары:
· Компьютер жанындағы өсімдік - кактус
· Қағазға басып шығару құрылғысы – баспа құрылғысы
· Дыбыс шығару құрылғысы - колонка
· Компьютер жұмысын басқаруға арналған манипулятор - тышқан
· Жүзден артық түймемен, компьютерді билеген – пернетақта
· Ақпаратты сақтап, таратқан, баршаны өзіне қаратқан - монитор
· Петроглифтер дегеніміз не? - Тасқа салынған суреттер
· Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? -таңбалар
· Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған? – қағазға, папирусқа
· Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? - компьютерге
· Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым! Shift+ alt
Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің? пробел
Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым,айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын? Shift+t
Жаңа жолға түсіп алып енді мен,
Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді
Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,
Көмек берші, әрі қарай не істеймін? enter
ІІІ. Жаңа сабақ.Саламатсыздар ма, балалар. Отырыңыздар. Егер де сабаққа дайын болсақ, барлығымыз бері қараймыз. Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше болғалы отыр. Себебі бүгін біз саяхат жасаймыз. Алыстағы “Paint” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз! Егер де саяхатқа шығуға дайын болсаңдар, мені мұқият тыңдаңдар!
Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға
арналған.
Редактор:
1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға және т. б. мүмкіндік береді.
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. «Paint» графикалық редакторын
ашу үшін Іске қосу- барлық бағдарламалар- стандартты- Paint. Кез келген суретті саламыз. Бас меню командасынан Файл жолын таңдап, Сохранить как командасын таңдаймыз. Новая папка сөзінің орнына жаңа атау енгізіп, enter пернесін басамыз. Жаңа атау енгізілген бума белгіленген, енді тағы да enter немесе Открыть батырмасын шертеміз. «Имя файла» жолына салған суретіңнің атын жазып, Сохранить батырысын шертеміз.
Paint графикалық редакторының терезесі
1. Тақырып жолы
2. Меню қатары немесе мәзір жолағы
3. Құралдар тақтасы
4. Сурет салу алаңы
5. Түстер палитрасы
Сен не білдің?
Дұрыс!!! Paint графикалық редакторының терезесі ашылды.
Paint графикалық редакторының терезе элементтерін жаз
Демалыс сәті
Сергітудің енді сәтін бастайық
Бір-екі-үш,алға қадам басайық
Орнымыздан тұрып қолды созайық
Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.
Бір-екі оңға,үш-төрт солға
Сау болудың қамын біздер
жасайық!!!
Ой қорыту.
1. «Paint» графикалық редакторын қалай ашамыз?
2. «Paint» графикалық редакторының терезе элементтерін ата!
3. «Paint» графикалық редакторында суретті қалай сақтаймыз?
4. «Paint» графикалық редакторында сақтаған суретті қалай ашамыз?
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Paint» графикалық редакторында сурет салып, сақтап және оны шығарып келу.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 12.57 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |