«Информатика тапқырлары мен білгірлері»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы:Информатика білгірлері мен тапқырлары

Мақсаты:

1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін

нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

2.Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті

ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,

ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге

қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, слайдтар, логикалық тапсырмалар.

Қатысатындар: 4 классоқушылары (әр кластан5 оқушыдан)

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ-қазылар алқасы. «Информатика білгірлері мен тапқырлары» аттысайысымызға қош келіпсіздер!Біз бүгін 4 класс оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

Сайыс кезеңдері:Бұл сайыс7 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын таныстырады).

ІІ кезең. «Бой сергіту».

ІІІ кезең. «Жұмбақ шешу».

IV кезең. Paint графикалық редакторындасурет салу.

V кезең. Ребусшешу.

VI кезең.Логикалық есептер шығару.

VIІ кезең . Қорытынды, марапаттау.

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған әділ-қазыларды таныстырайын.

1.Директордың бастауыш оқу- ісі жөніндегі орынбасары Қасенова Нұргүл

2.Информатика пәнінің мұғалімі Биржанова Алтынгүл

Бізде баллдық жүйе 5,10 деп алынып отыр. 5-бұл жерде төменгі ұпайды білдіреді, 10-ең жоғарғы ұпайды білдіреді. Сайыстың әр кезеңінен кейін ұпай саны бірден беріліп отырады.

Өмірге өзек болған нақты ғылым

Әлемге ақпараттың шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің,

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын

Бүгінгі кеште өз білімдерімен сайысқа түскелі келіп отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтелік. 4 класс оқушыларынан құрылған«Процессор» тобы, «Монитор» тобы,«Принтер» тобы

І кезеңі. Таныстыру (командалар өз атын таныстырады).

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып.

О толқындар, арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Т.Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Ендеше сайысымыздың келесі кезеңіне кезек берейік.

ІІ кезеңіміз «Бой сергіту». Әр топтың басшысы слайдтағы түрлі-түсті сұрақтары бар

шаршыны таңдайды. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпайдан есептеледі.

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Біліммененқаруланған тобымыз,

Қарсыластықалайда біз жеңеміз, - деп, сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

ІІІ кезең. «Жұмбақ шешу».Әртоптың капитаны шығып, әріппен белгіленген шаршыны таңдауы тиіс. Таңдалған шаршы қайталанбауы тиіс. Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Егер жауабын капитан таппаса, оның командасы көмектесе алады.

Келесі кезеңді бастайық

Ұяшықтарды ашайық.

Асығыстық қылмаймыз,

Ұпайларды жинаймыз .

IV кезең. Paint графикалық редакторындасурет салу.3 минут уақыт беріледі. Жоғары ұпайға5ұпай беріледі.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап,жым отыру жараса ма,

Туыс, досқа, сыныптас таныс емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге бос, соға берме,

Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.

Зерделеп, сұрақ- жауап санаңа түй,

Сонда ортақ боласың, баржеңіске.

V кезең. Ребусшешу. Қай топ бірінші шешсе сол топқа 10 ұпай беріледі.

VI кезең.Логикалық есептер шығару. Әр дұрыс жауапқа1 ұпай беріледі.

VIІ кезең . Қорытынды, марапаттау.

Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға информатика пәні мұғалімі Биржанова Алтынгүл апайды шақырамыз.

Информатика нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,

Қайта айналып көріскенше саламатта.

Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды!Баршаңызға көп-көп рахмет!

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 5.56 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 103

Похожие материалы