Информатикадан 5 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Тохашева Меруерт Сагдатовна
Здесь была ссылка на работу Информатикадан 5 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары автора Тохашева Меруерт Сагдатовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары. 34 сағат. Информатика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылған.Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері толығымен берілген. Күнделікті сабақ жоспарлары 34 сағатқа құралған, сабақтын құрылымы, мақсат-міндеттері және сабақ барысы берілген. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады: · Жалпы · ДК-де жұмысты бастау алдында · Жұмыс істеу кезінде · Авариялық жағдайларда · Жұмысты аяқтағанда Жалпы қауіпсіздік талаптары: · Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады. · Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды. · ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды. · Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйымсалынады. · Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек. · Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды. · Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады. · ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары: · ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек. · Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек. · Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары: · ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см. · Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ. · Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек. · Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек. · Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек. · ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары: · Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек. · Жұмыс орнын ретке келтіру керек. · Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету: · Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру); · Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағыматериалдарды пайдаланып босату; · Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету; · Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен). Күйгенде көмек керсету: · Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка); · Күйген жеріне май жағу (винилин); · Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау; · Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен). Талып қалғанда көмек көрсету: · Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу; · Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен). Демі токтағанда көмек көрсету: · Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса қолмен орнына келтіру; · Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен). · Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан-ауызға) керек. КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР 1-жаттығу - Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар. - Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар. - Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар. 2-жаттығу - Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. - Көздерінді талдырмандар. - Алысқа қадалын қарандар. 3-жаттығу - Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалын қарандар. 4-жаттығу - Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер. - Алысқа қадалып қарандар. 5-жаттығу - Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер. - Алысқа қадалып қараңдар. 6-жаттығу - Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып караңдар. 7-жаттығу - Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.