ИННОВАЦИЯЛЫҚ КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ.

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Шығармашылық кәсіби әрекетке дайындықты қалыптастыру идеясы В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, А.И. Кочетов, Н.В. Кузьмина, З.С. Левчук, М.Р. Львова, Н.Д. Никандров, А.И. Пискунов, А.А. Толмачев, В.И. Щербина басқа да ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Олар маманның шығар-машылық еңбекке, оның даму шартына дайындық мазмұнын анықтайтын қасиеттерді тапты. Кәсіби шығармашылыққа дайындық мәселесін талқылай отырып, барлық авторлар тек шығармашылық еңбек қана кәсіби шеберліктің жоғарғы өлшемі екені деген ұйғарымға келді. Кейбір авторлар (А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина) «тұлғаның кәсібилігі» деген ұғым енгізді. Оның көмегімен тұлғаның қарым - қатынасы адам қасиеттерінің кіріктірілуі және кәсіби әрекеттің жүзеге асырылуы қарастырылады.

Жоғары мектеп аясында жүзеге асатын шеберлік деңгейі, тұлғаның кіріктірілген қасиеттерін зерттеу тұлғалық бағдарға негізделген. Соның ішінде мұғалімнің әрекетінің түрткілік жағына, шығармашылығына басты орын берілетін қасиеттерге баса назар аударылады. Кәсіби түрткі мықты, тұрақты болған сайын, кәсібиліктің көрсеткіштері жоғары болады.

Педагогтің шығармашылық ізденімпаздыққа дайындығының диагнос-тикасының негізгі бағыттарын қарастыра отырып, А.И. Кочетов [1] жоғарғы жалпы мәдениет, шығармашылық әрекет көрсеткішінің тиімділігін және мұғалім шеберлігінің өзіндік диагностикасын ұсынды.

Жоғарыда айтылғандай, шығармашылық тұлғаның қалыптасуы тек ішкі ғана емес, сыртқы (объективті) шарттарға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға әлеуметтік жағдайлар мен олардың болашағын; қазіргі заман ғалымының даму деңгейін; жалпылама білім беру тәжірибесінің жағдайы; бағдарлама, оқулық, ұсыныстарда көрсетілген әдістемелік сілтемелер; бір педагогтің немесе педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұстанымын жатқызады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 54.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 133

Похожие материалы