Интелектуалды сайыс «Математика- ақыл-ойдың әуені»

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Математика - ақыл-ойдың әуені»

Мақсаты:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың

білімге қызығушылығын арттыру.

2) Топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту.

3) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс

Типі: Ойын түрінде

Әдіс-құралдар, көрнекіліктер: нақыл сөздер, ақпараттық құрал, слайдтар

Жоспары:

1. Таныстыру (топтың аты, ұраны).

2. Логикалық сұрақтар.

3. Математикалық жекпе – жек.

4. Сиқырлы әріптер

5. Сыр сандықтың құпиясы

6. Ә р қ о л д а ө з і н і ң і с і (капитандар сайысы)

7. М а т е м а т и к а – а қ ы л-о й д ы ң ә у е н і

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математика- ақыл-ойдың әуені» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді. --- Ортаға топтарды шақырамыз.

(Әр топта 9 оқушыдан 5, 6, 7 сынып оқушылары аралас)

Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы әділ баға беріңіздер! — дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне

баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.


Ал, қанекей қаралық,

Мына жақта жаңалық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика еліне

Шабыт тасып шалқысып.

Есеппенен ән салып

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Көңілді кеш жасайық.


І кезең. «Таныстыру» (Әр топ өздерін таныстырады)

І топ – «ТАЛАПКЕР» ІІ топ – «БІЛІМГЕР»

Ұраны: Математиканы 5-ке білсең, Ұраны: Білім деген биік шың

Боласын дәрігер, ғалымда Бақытқа сені жеткізер

Есепті жүйрік шығарсан Білім деген ақылшын

Жолын болар ғылымда Қиындықтан өткізер

ІІІ топ – «САЙЫСКЕР»

Ұраны: Сайыс бізге сын болсын

Білмегенге мін болсын

Команданы қолпаштап,-

Қол соғындар кім болсын

Жүргізуші:«Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек.

Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек»- депті

неміс жазушысы Гете.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 33.07 Kb
Количество скачиваний: 83
Просмотров: 210

Похожие материалы