Здесь была ссылка на работу Интеллектуалды марафон автора Шукуров Суюнгали Сагинтаевич.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сайыстың тақырыбы: Интеллектуалды марафон Мақсаты: 1/ Оқушылардың жан-жақты білім деңгейін анықтау; 2/ Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, шығармашылық ізденістерін жетілдіру; 3/ Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Түрі: зияткерлік сайыс Әдісі: топтық жұмыс Көрнекілігі: нақыл сөздер, компьютер, слайд, суреттер Сайыстың жүру барысы: І-жүргізуші: Армысыздар, білім сүйер жұртшылық! ІІ-жүргізуші: « Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан бүгінгі «Интеллектуалды марафон«зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! І-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреунің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Біреуінің күмбірлеген күйі бар, Енді біреуінің қатты істейтін миы бар ІІ-жүргізуші: Бүгінгі «Интеллектуалды марафон» зияткерлік сайысына 2-6 сыныптардың оқушыларынан құралған 2 топ қатынасып отыр