Интеллектуалды сайыс 8 сынып

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Интеллектуалды  сайыс

«Білім табысқа жеткізер»

Сыныбы: 8  ә,б,в.
Мақсаты:
     Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшандық тез жауап беру дағдысын қалыптастыру, пәндерге қызығушылықтарын арттыру.Туған тілін қастерлеуге, Отанға сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір айту, 
Сабақтың пән аралық байланысы: ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі,әдебиет, физика, информатика.

Қолданлатын құрал-жабдықтар: презентациялық материалдар.


Ойын барысы:

І   Ұйымдастыру кезеңі

ІІ  Кіріспе

ІІІ Танысу

ІV  Негізгі бөлім

1. «Зерде»
2. «Ойлан тап»
3.  Логикалық сұрақтар.
4. «Тапқыр болсаң, талас жоқ?»
5. «Бәйге»
6. Мақал-мәтелді жалғастыр....

 

І. Ұйымдастыру

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойда, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, ортаға салайық.

Ойынға 3 топ қатысады..

.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың  аты – «Ұлыбритания»

Ұранымыз: Әрқашан біз біргеміз

Ажырамас іргеміз.

 

ІІ-топ. Топтың аты – «Қазақстан»

Ұранымыз: «Бірге әрқайсымыз үлкен табысқа жетеміз»

 

ІІІ-топ. Топтың аты-«Ресей»

Ұранымыз: Ни шагу назад,

Ни шагу месте,

А только перед,

И только все вместе.

 

ІІ  Таныстыру (Әр топ өз-өзін таныстырады, өз елін, жалауын түсіндіреді ).

 

ІІІ  Негізгі бөлім

Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей келе 1-кезеңімізді бастайық

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

 

І тур  «Зерде»  200 $

Әр топқа әр пәндерден  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта  5  оқушы 4 сұраққа жауап береді.

 

«Ұлыбритания » тобына:

1.      Қандай заттарда диффузия болады? (Газ тәрізді, сұйық және қатты заттарда)

2.     Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

3.     Who was the first president of the USA? (George Washington)

4.     Кто автор романа « Путь Абая»  (М.Әуезов)

 

«Қазақстан» тобына:

1.        Кескінді құрайтын кішкене нүктелер – (пиксель).

2.         Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

3.        Which is the shortest month in a year? (February)        

4.         Где находится мавзолей Ахмеда Яссауи? (Туркестан)

 

«Ресей»  тобына:

1.         Көктайғақта жолға неге құм себеді? (Үйкеліс күшін арттыру үшін)

2.         Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

3.        Kazakhstan is situated in …  ( Central Asia)

4.        Великиий англиский физик? (Исаак Ньютон)

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 34.41 Kb
Количество скачиваний: 91
Просмотров: 311

Похожие материалы