Иықты бұйымдар және оның түрлері 5 класс

Предмет: Технология
Категория материала: Тесты
Автор:

Тақырыбы: Иықты бұйымдар және олардың түрлері.
Мақсаты: 1) білімділік: иықты бұйымдардың жіктелуін, атауларын, ерекшеліктерін үйрету, мезгіл бойынша жіктеуді үйрету.
2) дамытушылық: қызығушылығын арттыру, ой - өрісін байыту, көріп есте сақтау, талдау қабілеттерін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.
3) тәрбиелік: оқушының талғамын дамыту, эстетикалық тәрбиеге баулу, мезгілге сәйкес, соңғы сәнмен киім таңдауға үйрету, үйлесімділікпен киім таңдауға үйрету.
Сабақ түрі: өткенді қайталау, жаңа сабақ түсіндіру, талдау, бекіту, зертханалық жұмыс.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, иллюстрациямен үйрету, интерактивтік әдіс, фишкамен бағалау, үлестірмелі материалдармен жұмыс(зертханалық), кері байланыс әдісі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, шаблондар(адам денесі)
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, химия, физика, геометрия, сызу, әдебиет, қазақ тілі.
Пайдаланған әдебиеттер: 
1) «Еңбекке баулу» 7 сынып. Москва «Просвещение» 1990ж
2) Егорова, Монастырная. «Іс тіге біл» Алматы Рауан 1997ж
3) Журналдар: «Мектептегі технология» №2, 2008ж; №7, 2008ж
4) Технология Алматы «Атамұра» 2003ж

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
3. Құрал – жабдықтарын тексеріп назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталау. 2 сайыс арқылы өткізіледі.
1) «Жорға» мақта, жібек, ине, кілем, тоқу, тігу, ас, денсаулық, тамақ, достық сөздеріне мақал – мәтел жинақтау.
2) «Ақындар айтысы» 5 жолды өлең: қайшы, пышақ, сал – дәстүр, тігін машинасы, ине, жіп, белдемше, үтік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т. б жатады.
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы – мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.


 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 107

Похожие материалы