ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Баяедама          Келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз [3].  .          Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой – санасын жетілдіріп , жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру –  біздің, яғни ұстаздар қауымының парызы.         Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына енуі  туралы Жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр.         А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».           Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып табылады, сондықтан да  сабақ үрдісінде тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері қажет.         
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 202 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 113

Похожие материалы