Жаңа жылдық кештің бағдарламасы
Предмет:
|
Классному руководителю
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Капезова Рита Аскаровна
|
Здесь была ссылка на работу Жаңа жылдық кештің бағдарламасы автора Капезова Рита Аскаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: Жаңа жылдық кештің бағдарламасы Күні: 29.12.2013 жыл Тақырыбы: Төрлет, Құтты Жаңа жыл! Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген: Екі жүргізуші ортаға шығады: 1-жүргізуші: Армысыздар ағайын, ұлағатты ұстаздар! 2-жүргізуші Бармысыздар шабытты шәкірттер! 1-жүргізуші: Естімедік ! /Қолдарың қайда? Дауыстарың естілмейді гой/ 2- жүргізуші Бәрекелді, бәрекелді / Құрметті халайық Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үміттеміз/ 1-жүргізуші: Би: Ортаға аудан әкімінің шыршасына қатысып келген 7-сынып оқушылары Рамазанов Мақсат пен Ғаниятова Ақботаны шақырамыз. 2- жүргізуші Жаңа жылға тарту оқитын облыстық президент шыршасына қатысып келеген 4-сынып оқушысы Ғайынова Назлы 1-жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры: Исентаева Гүлбарам Искаккызына беріледі 2- жүргізуші Бүгінгі біздің кешімізге Шығыс елдерінің сиқыршысы Ақалай Мақалай келді Қарсы алыңыз Ақалай Мақалай және оның сұлу көмекшілері /10-сынып/ 1.Хоровод 2.Ән 3.Би 4.Тамаша 5.Хоровод 1- жүргізуші: Қане, қане келіңіздер Бір би салып беріңіздер! Би билеңдер, ән салып Жаңа жылды қарсы алып! Рахмет, қонағымызға ендігі кезекті биге берейік Би 2- жүргізуші: Бәрекелді Бәрекелді Жарайсыңдар Байланыс желісі арқылы хабарлама келді Назар аударайық 1-жүргізуші: · Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар. · Сүйінішпен маңайға жар салыңдар · Аяз ата келеді Ақшақармен, · Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! /осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді/ Аяз ата Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел, Нарына нарық заман мінгескен ел. Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел, Тәңірдің тылысымымен бірлескен ел Ал, құрметті халайық мен бүгінгі кешке жаңа жылдық сыйлықтармен, қызықты ойындармен асығып келдім Ақшақар Аяз ата қарашы, балалрдың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. Аяз ата Дұрыс айтасың, бір көңілді көтеретін, қызықты ойын тарту етсек дұрыс болатын шығар Ортаға 5 қыз, 5 ұл шықсын, 2 топқа бөлініп тұрыңыздар «Шырша» ойыны. Ойыншыларға ескерту! Мұқият болыңыздар! Ойынның аты «Шырша» ережесі де «Шырша». Жауаптан жаңылыспау керек және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз, сол оқушы ойынан шыға береді. Атың кім? Нешедесің? Сынып жетекшің бар ма? Қасыңдағы мұғалім кім? Қай мектепте оқисың? Жаңа жыл мерекесі ұнай ма? Досың кім? Жалғыздықтан қорқасың ба? Сабақта үлгерімің қандай? Көзіңнің түсі қандай? Тұратын қалңның аты қандай? Кимңнің түсі қандай? Аяғыңа не киесің? Қыста тоңасың ба? Бас не үшін қажет? Қай мұғалімді ұнтасың? Нешінші сыныпта оқисың? Әкеннің аты кім? Жасыл түс саған ұнайма? Партада кімнің қасында отырасың? Ақшақар Рахмет ата сіз жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Ал біз ойынды жалғастыра берейік. Ал, енді бастайық Ойын шарты әр сыныптан 3 оқушыдан шығады, қазір мен сіздерге шарлар үлестіремін, сіздер шарларды қолдың көмегінсіз үрлулерің қажет. 1,2,3, ойын басталды. 2- жүргізуші: Құрметті достар кешімізді әр қарай жалғасырамыз ортаға « » шақырамыз 11-сынып 1.Хоровод 2.Ән 3.Би 4.Тамаша 5.Хоровод Ақшақар: Аяз ата, шырша сізге ұнап жатыр ма? Аяз ата: Ұнады, жақсы қарағым. Мен біраз тынығып алдым, кезекті сыйлықты тарту етсем қалай қарайсыз? Ойының шарты ортаға әр сыныптан екі қатысушыдан шығады. Сіздерге мынадай тапсырма беріледі, кез-келген жағдай айтылады, соны бейнелеп беру керек. Автобустан қалып бара жатқан адам Жуа тазалап, жылап тұрған адам Артыңнан ит қуып бара жатыр Шырша безендіруші Соңында бір –біріне тапсырма береді Аяз ата: Ой, бәрекелді балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп –көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар Ақшақар Сау болыңдар, балалар келесі жаңа жылда кездескенше 1- жүргізуші: Кезекті ортаға шығатын Ханзада мен Ханшайымдарды шақырамыз 1.Хоровод 2.Ән 3.Би 4.Тамаша 5.Хоровод 2- жүргізуші: Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда, Қалады бүгінгі күн ойымызда Демалып Жаңы жылға қадам бастық, Жаңы жыл құтты болсын баршамызға! 1- жүргізуші: Ескі жылға құрметпен Алғысымыз мың алғыс. Жаңа жылды қарсы алайық, Бір –бірімізге тілеп мол табыс 2- жүргізуші: Асыға күткен Жаңа жыл Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! Жаңа заман, жаңа ойлар Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! Жүргізушілер: осымен сіздерге арналған «Төрлет, Құтты Жаңа жыл!» атты кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Әрбір жанұяға береке – бірлік, шаттық -қуаныш, бақыт тілейміз.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
43 Kb
|
Количество скачиваний:
|
27
|
Просмотров: 191
Похожие материалы