"Жаңа заманның жаңаша әуендері" сабақ жоспары (3-класс)
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Куржинбаева Кенжегул Сагинаевна
|
Сабақтың тақырыбы: Жаңа заманның жаңаша әуендері
Сабақтың мақсаты: Эстрадалық музыка туралы түсінік беру
Білімділік:Эстрадалық симфониялық музыка туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Эстрадалық музыка тыңдату арқылы, оқушылардың есту қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың эстрада өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Сабақтың түрі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқытылу әдісі: түсіндіру, тыңдату ,ән айту,дәптермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспалар, музыкалық аспап, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Балалардың сабаққа даярлығын тексеру.
– Үй тапсырмасына шолу жасау.
ІІ.Жаңа сабақ.
20-ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда жаңа музыка түрі дүниеге келеді. Қазақстанның даму барысында музыканың көптармақты түрлері қалыптасты. Олар:европалық орындаушылық және композиторлық шығармашылықтың жаңа дәстүрі,әлемдік музыка(рок, эстрада, джаз,т.б.).
Елімізде эстрадалық музыка пайда болды.эстрадалық музыка-тыңдауға жеңіл, бір ырғақта болып, мазмұны жағынана әртүрлі тақырыпты қамтиды.Мысалы:Отан, ттабиғат, махаббат, патриоттық, лирикалық, т.б.жаңа әнді немесе музыканы халықтың жүрегіне жеткізіп,ел арасына тарататын әнші орындаушылар болды.роза Бағыланова, Ермек Серкебаев, Бибигүл Төлегенова, Әлібек Днишев, Роза Рымбаева,Мақпал Жүнісова сияқты танымал әншілер шықты. Айман Мұсаходжаева,Жания Әубәкірова,Марат Бейсенғалиев,Қаршыға Ахмедиаров,Айгүл Үлкенбаева сияқты белгілі аспапта орындаушылар үлкен сахнада өнер көрсетті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 36 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |