Здесь была ссылка на работу Жалын жылдар жадымызда жаңғырады автора Есетова Айсулу Алпамысовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ұлы Отан соғысы алғашқы күндерден бастап – ақ халықаралық азат етуші соғыс ретінде маңыз алды. Биыл , ұлы жеңістің 60 жылдығын тойлағалы отырмыз. Жеңіс...иа оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттар, сағаттар сарылы күтті емес пе, ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Араға жылдар салып сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды. Сондықтанда мұны,Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға мына тап осы сөздер секілді кешегі гүлдей құлпырған жап – жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін отан үшін отқа салып,бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан үшін қолдарына қару алып,сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп қандай қиындықты бастан кешпесін ешбір ауырпалық алған бағыттарынан қайтара алмады. Ал соғыс – ол қасірет. Басқа төнген қасіреттен олардың көбі қайтып оралмады, қайта оралғандарды соғыстан кейінгі өмірдің қызығы жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі, міне қарасаң саусақпен санарлықтай болып қалған олардың әрқайсысы бір – бір кітап жазуға тұрарлықтай лайықты жандар. 1941 ж 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын қыстау кезде душар болды. Фашист Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.