Жанасу

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жанасу

Сабақтың мақсаты: 1) Жанасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестерін жанаса байланысқан сөз тіркестері немесе жанасу дейміз. Жанасу көбіне етістікті сөз тіркесі болып келеді, үстеу мен етістіктен,көсемше мен етістіктен құралады. Мысалы: бүгін келді, кештете (біздің үйге) келді.

Жаттығумен жұмыс: 272-жаттығу. Мәтіндердегі сөйлемдерден қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерін бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар,оларды құрамына, байланысу тәсіліне қарай талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы:

Матасу меңгеру


Қабысу жанасу

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

1.Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?

2.Сөздер интонация арқылы қалай байланысыды?

3.Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

4.Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

5.Матасудың байланысу тәсілі қандай?

6.Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 274-жаттығу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 407.99 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 157

Похожие материалы