"Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі" ашық сабағы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кувандыкова Толганай Демегеновна
|
Сабақтың тақырыбы:Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың әртүрлілігі, пайдасы туралы қарапайым түсініктерін тереңдетіп, олардың алуан түрлі екеніннің белгілеріне қарай айжырата білуге, түрін анықтауға үйрету.
- Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қоршаған орта туралы ұғымдарын жетілдіру,сөздік қорын молайту;
-ана табиғатқа деген махабатын ояту, жануарларды сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: сюжетті суреттер, жануарлардың макеті, сөзжұмбақ, тірек сызбалар, тест.
Сабақ өту әдісі: иллюстрациялық баяндау, топтастыру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды сабаққа керекті оқу-құралдарын дайындату, түгендеу;
психологиялық дайындау:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: өсімдіктер бөлімі және өсімдіктердің Қызыл кітабы жайлы алған білімдерін пысықтау.
1-слайд:Миға шабуыл
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Өсімдіктерді неге тірі ағза деп атаймыз?
- Қызыл кітап дегеніміз не?
- Қызыл кітапқа енгізілген қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Өсімдік мүшелерін ата.
- Өсімдікке тыныс алу үшін қандай мүшелері қатысады?
- Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
ІІІ.Жаңа сабақ: Жаңа сабақты сөзжұмбақ арқылы бастау
2-слайд:Сөзжұмбақ.
1. Өсімдіктердің бізге беретін сыйы?
2. Өсімдіктің негізгі және топырақ астындағы мүшесі?
3. 2000 жыл тіршілік ететін ағашты ата.
4. Тірі табиғатқа қажетті жағдайдың бірі?
5. Жер бетіндегі өсімдіктер өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат?
6. Түрлі дәрі жасауға қолданылатын өсімдік?
7. Пиязшық арқылы көбейетін өсімдіктің бірі?
8. Түйнек арқылы көбейетін өсімдік түрі?
9. Көп жылдық өсімдіктерге жатады, қыстада жасыл түсін өзгертпейді?
Сөзжұмбақташыққан «Жануарлар» сөзін оқушыларға оқыту арқылы жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.
Оқушыларды топқа бөлу (өздеріне ұнаған жануарларын ала отырып 3 топқа бөлінеді)
Бағалау әдісімен таныстырып кету оқушылардың жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі карточкалар алады, толық емес жауап- сары түсті, дұрыс бірақ кеңінен ашылмаған жауап-қызыл түсті,дұрыс негізделген жауап- жасыл түсті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.21 Kb |
Количество скачиваний: | 55 |